Сомали...
Сомали... Теңіз қарақшыларымен әлемге танылған «тентек» ел. Ал мына оқиғаның орын алғанына екі жыл болды. 13 жасар Аиша Духулоуа өзінің туған қалашығы Кисмайодан Могадиштегі туысқандарына бармақ болып, жолға шығады. Алайда, оны жол үстінде қаны басына шапқан үш жігіт ұстап алып, абыройын аяққа таптайды. Бейшара қыз жергілікті полицияға арызданады. Ары қарай... тәртіп сақшылары зорлаушыларды іздеудің орнына кінәні қыздың өзіне арта салады. Жергілікті сот оны «ойнастыққа жол берді» деп айыптап, таспен ұру арқылы өлім жазасына кесті. Кисмайо қалашығының орталық алаңына осы көріністі тамашалау үшін мыңдаған адам жиналды. Зіңгіттей 50 еркек қаршадай қыздың үстінен тас боратты. Бұл бір ғана жағдай емес. Таспен ұрып өлтіру дәстүрі бойынша, айыпты ер адам болса, беліне дейін, ал әйел болса, мойнына дейін жерге көмеді. Айыпты осы шұңқырдан шығып үлгерсе, жазадан құтылды деп есептеледі. Міне, Сізге «сомалиийлік әділет»!
Orken&J