Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4111 0 пікір 9 Маусым, 2014 сағат 08:39

Украина 27 маусымнан кешікпей ассоциацияға қол қояды

Украина 27 маусымнан кешікпей ЕО-мен ассоциацияға қол қоюы тиіс, бұл туралы сенбі күні инаугурацияға келген шетелдік делегациямен және Украинадағы  дипломаттық корпуспен  кездесуінде Петр Порошенко мәлімдеген.

Син Хуа агенттігінің мәлімдеуінше Украина президенті Брюссель жауапты шешім қабылдайтын болса құжатқа қол қоюға дайын екенін жеткізген. Және ол өз сөзінде: «Біз аталған құжатқа биылғы жылдың 27 маусымынан кешікпей қол қоюымыз керек», - деп баса айтқан.

П. Порошенко сондай-ақ, АҚШ пен ЕО өкілдеріне «Украинаның азаттығын қолдағаны» үшін алғыс білдірген. Әрі Украина Еуропалық мемлекет ретінде дамитын болады деген.

Естеріңізге сала кететін болсақ былтырғы жылдың желтоқсанында, сол кездегі Украина президенті В. Янукович ЕО-мен ассоциацияға қол қоюдан бас тартқан соң елде саяси толқу басталып кетіп еді. 

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383