ФИНПОЛ: Бір жарым жылда 300 млрд теңге ұрланды
Бір жарым жыл ішінде Қазақстанда 300 миллиардқа жуық теңге ұрланған. Бұл туралы Tengrinews.kz Қазақстан экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес агенттігінің орынбасар хатшысы Марат Ахметжановтың мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.
Оның хабарлауынша 2013 жылы жемқорлық фактілермен байланысты 10 мыңнан астам, биылғы жылғы алғашқы бес айдың қорытындысы бойынша 5 мыңнан астам жемқорлық іс тіркелген. Сондай-ақ 2013 жылғы қылмыстардың 27 пайызы ауыр және өте ауыр қылмыстарға жатады. 65 пайызы экономикалық қылмыстар болып табылады. 21 пайыздан астамы жемқорлық қылмыстар. Бір жарым жыл бойынша экономикалық қылмыстарға 290 миллиард теңге айналымға түскен. Оның 157 миллиард теңгесіне шара қолданылған.
Арнайы мәліметтер бойынша 300-дей адам әр түрлі деңгейде жемқорлық әрекеттермен қылмыстық жауапкершіліктер арқалаған.Олардың ішінде 22-сі республикалық маңызы бар, 83 облыстық маңызы бар істер болып табылады.
Марат Ахметжанов үлкен экономикалық қылмыс істері статикасының қатарына Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасарын, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының президентін, Атырау облысының бұрынғы әкімін, «ҚазАтомПром» ұлттық компаниясының және «Қазақстан темір жолы» компаниясының поп менеджерін атады.
Абай-ақпарат