Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2756 0 пікір 7 Мамыр, 2010 сағат 11:01

Форум кезекті рет кейінге қалды...

Мамыр айының 17-18 күндерінде Алматы қаласында Қазақ журналистерінің I халықаралық форумын өткізуді жоспарлаған ұйымдастырушылар алқасына Байланыс және ақпарат министрлігінің вице-министрі Нұрай Оразовтан шұғыл хат келді (Хатты төменде түп нұсқасымен беріп отырмыз).

... Сонымен, қазақ журналистерінің форумы кезекті рет кейінге шегерілді. Бірақ, құрметті оқырман, абзал әріптестер қауымы, министрліктің бізге жасап отырған ұсынысын бек түсіністікпен қабыл көрелік. Тегінде, қандай істі болмасын ресми орындармен кең отырып кеңесіп алып бастағаннан кемдік көрмеспіз, сірә. Сондықтан қазақ журналистерінің бас қосып, кәсіби мәселелерді ортаға салып ой қорытпақ болған талабына министрліктің мән беріп, сол бір атаулы жиынды бірге өткізсек деп өтініш білдіргенін біз қалайда құп алдық.

«Ештен кеш жақсы». Тамыз айының ауылы бізден алыс шалғайға көшіп кете қоймас.

Оның үстіне құзырлы мекеменің қызметін жаңа қолға алып жатқан, жаңа үлгіде бастамақ ниеттегі азаматтар айтқан сөздерінен айнымайды деген сенімдеміз.

Алайда біз оған дейін текке қарап отырмаймыз. 18 мамырда Алматы журналистері өзара жүздесіп шағын кеңес өткізбекпіз. Ал, форумға қатысуға тілек білдіріп, Анкетадағы сұрақтарға жауап берген әріптестерімізге көп рахмет. Сіздермен арадағы келісімдеріміз өз күшінде қалады және форумға қатысуға тілек білдірушілерді тіркеу жұмысы жалғаса береді. Форумда баяндама жасауға ризашылығын білдірген ғалымдар мен белгілі журналистерге, шетелден арнайы ат басын бұрып келуге ықылас танытқан бауырларымызға ұйымдастыру алқасының тұрақты штабы, байланыс телефондары жеке хабарланатын болады.

Құрметпен,  Қазақ журналистерінің I халықаралық форумын ұйымдастыру алқасы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347