Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 7340 0 пікір 4 Маусым, 2014 сағат 11:39

ВЕНГРИЯДА ҰЛЫ АБАЙҒА ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ

 Венгрияда ұлы Абайға ескерткіш қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Шығыс Қазақстан облысының ақпарат орталығына сілтеме жасап. Ұлы ақынның ескерткіші Будапешттегі Астана көшесіне орнатылған. Оның ашылу салтанаты ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің Венгрияға ресми сапары барысында болды. Қазақстандық делегация құрамында Шығыс Қазақстан облысының өкілдері бар. Облыстың жас таланттары Абайдың әндерін венгр тілінде орындады. Екі жыл бұрын Шығыс Қазақстан даңқты жерлестерінің мүсінін дайындауды өз мойнына алып, кейін Венгрияға жолдаған болатын. Бюст қоладан құйылған, оның биіктігі - 1070 мм, ені - 900 мм.

Бұған дейін қазақ ойшылы, ағартушы Абай Құнанбаевқа Мәскеуде, Бейжіңде, Ташкентте, Витебскіде, Тегеран мен Ыстамбұлда ескерткіш қойылғаны белгілі, ал Лондонда Абай үйі ашылды. Айта кетейік, қазақстандық делегацияның Венгрияға сапары барысында Шығыс Қазақстан облысы мен Хайду-Бихар муниципалитеті арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөнінде келісім жасалды.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351