Сенбі, 2 Мамыр 2026
Жаңалықтар 5649 0 пікір 30 Мамыр, 2014 сағат 10:57

ҚАНАТ ИСЛАМ әлемнің ең қарқынды боксшылары тізімінде

 Қазақстанның кәсіпқой боксшысы Қанат Ислам колумблиялық Франциско Кордероны жеңгеннен кейін былғары қолғап шеберлерінің рейтингінде бірден 24 сатыға көтерілді, деп хабарлайды Baq.kz.

Қазіргі уақытта Қанат жалпы есепте 82-орында келеді, ал орта салмақ дәрежесінде үздік ондыққа енген. Boxrec.com порталы өзінің дәстүрлі әлемнің ең жылдам қарқын алып келе жатқан боксшылары тізіміне қазақстандық кәсіпқой спортшыны да кіргізіп отыр.

Айта кетейік, Қанат Ислам колумбиялық Франциско Кордеромен 23 мамыр күні кездесті. Үшінші раундта қарсыластың бапкерлері Қанаттың күшті соққыларынан кейін жекпе-жекті тоқтатып тастаған болатын. Осылайша, қазақ боксшысы техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Қанат үшін бұл - кәсіпқой бокста болған 17 кездесудегі 17-жеңісі. Спорт шебері жыл соңында WBA белбеуін жеңіп алуға тырысатындығын жасырмауда. 

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 641
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 590