Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Билік 5627 0 пікір 30 Мамыр, 2014 сағат 10:14

КЕҢЕС ҚОРТЫНДЫСЫ: БУРАБАЙ КӨРКЕЙЕДІ

2014 жылдың 28 мамыры «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығы, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында, жүзеге асырылып жатқан жобалар бойынша серіктес тараптармен кездесу өткізді.

Анығырақ тоқталсақ, Астана қаласында «Жасыл орам» құрылысы мен Щучинск-Бурабай курорттық аймағында гольф клубын салу жобалары жайлы әңгіме болды.

Аталған шара қорытындысы бойынша Қордың Басқарма Төрағасы Өмірзақ Шөкеев тиісті жобалардың дер кезінде және сапалы атқарылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

«Бұл жобалар құрылыстың ең бір жоғары стандаттары бойынша жүзеге асырылуда және коммерциялық көзқарас тұрғысынан өте тартымды болып табылады. Олардың уақтылы және сапалы орындалуы Қордың ерекше бақылауында тұрады», - деп атап өтті Ө.Шөкеев.

Баршаңызға белгілі, Астана қаласында «Жасыл орам» жобасын әзірлеу туралы тапсырма «Самұрық-Қазына» АҚ мен Астана қаласының әкімдігіне Елбасы қатысқан 2013 жылғы 23 қаңтардағы кеңесте берілген еді.

«Жасыл орам» жобасын «СК Девелопмент» ЖШС («Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ еншілес ұйымы) және BI Group холдингі жүзеге асыруда. Қаржыландыру Ұлттық қордың қайта инвестициялау бойынша дағдарысқа қарсы қаражаты есебінен 44 млрд теңге мөлшерінде жүргізілуде.

Жобаның тұжырымдамасын, бұнымен қоса нобайлық жобаны дайындаумен айналысып жатқан, AEDAS британдық компаниясы әзірлеген. Әзірлеудің ақтық сынындағы нобайлық жоба жақын арада бекітілмек.

Жобаны жүзеге асыру алаңы ретінде «Хан Шатыры» СОСО маңындағы 20,5 га жер телімі белгіленген. Жоба аясында болжамды жалпы аумағы 200 мың шаршы метр болатын тұрғын үй және әкімшілік ғимараттар құрылысы, саябақ аймақтары, сауда-көңіл көтеру және әлеуметтік-мәдени нысандар жоспарлануда.

Жоба Жасыл құрылыс бойынша американдық кеңестің (USGBC) LEED стандарты бойынша сертификациядан өтеді деп күтілуде. Сертификациялау жекелеген жобаның дизайнынан пайдаланымына дейін жұмыстардың толық көлемін қамтымақ. Сертификация сынағының жүйесі нысандарды жобалау мен салу кезінде орындалуы тиіс талаптардан тұратын бірқатар санаттардан түзілуде. Мұндай талаптарға құрылыстың экологиялық орнықты аудандарда жүргізілуі, тиімді су жүйелерінің қолданылуы, ғимараттағы қуат шығындарының оңтайлануы, құрылыс кезінде ауа сапасын бақылау, зиянды қоспалары аз заттарды пайдалану, ауаға химиялық және зиянды заттардың таралуын бақылауды орнату, табиғи жарықтандырудың кәдеге жарауын көбейту және т.б. кіреді. Осы орайда «Жасыл орам» жобасының бір ғимараты Platinum ең жоғары деңгейін алуға және екі ғимарат Gold деңгейін еншілеуге ұсынылмақ.

Жобаны табысты іске асыру үшін құрылыстық консалтинг бойынша Turner International (АҚШ) халықаралық компаниясы және де «жасыл» технологиялар бойынша кеңесші «БЮРО ТЕХНИКИ - ПРОЕКТ» ЖАҚ (Санкт-Петергбург қ.) жұмылдырылған. «БЮРО ТЕХНИКИ - ПРОЕКТ» ЖАҚ Transwestern Commercial Services Wisconsin (АҚШ) тарапымен бірлесе отырып, LEED стандарттарына сәйкес, инженерлік жүйелердің жобалық құжаттарын әзірлеумен бірге, инженерлік бақылау жүргізбек. Сондай-ақ, LEED халықаралық стандарттары бойынша нысандарды сертификацияламақ.

Бүгінгі таңда қажетті аумақ қоршалған, жерді дайындау жұмыстары бастау алған.

Щучинск қаласында гольф-клуб салу жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылдың 28 желтоқсанындағы №230 «Қазақстан Республикасының 2007-2011 жылдарға арналған дене шынықтыру мәдениеті мен спортты дамыту мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қаулысын орындау аясында жүзеге асырылуда.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылдың 1 тамызындағы №607 Қаулысы арқылы Щучинск-Бурабай курорттық аймағы аумағында гольф-клуб салу жобасы Қазақстан Республикасысының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына енгізілген.

Алдын ала талдаулар бойынша құны 19,6 млрд теңге болып бағаланған жобаны жүзеге асыруды «Қазмұнайгаз» компаниялар тобына кіретін «Қазмұнайгаз-сервис NS» компаниясы назарында ұстауда.

Гольф клубы «Чемпионат» сыныбындағы 18 шұңқыршалық гольф алаңы орналасуы жоспарланған 103,04 га аумақта дүниеге келмек. Сонымен бірге, гольф-клуб аумағында қонақ үй кешені, жабық теннис залы, абаттандырылған жағажай, су көлігі тұратын пирс, су саябағы және өзге де нысандар бой көтермек.

Бүгінгі таңда қажетті аумақ қоршалған, дайындық жұмыстары бастау алған.

Жобаның негізгі бәсекеге қабілетті артықшылықтарына эксклюзивтігін, Бурабай курорттық аймағындағы жер телімінің тиімді орналасуын және де құрылыс кезінде жасанды заттарды аз қолдануға мүмкіндік беретін табиғат байлығын жатқызуға болады.

Жобаның басты мақсаты Щучинск-Бурабай аймағына туристер ағымын көптеп тарту болып табылады. Сонымен қатар, гольф клубы жұмысы басталған соң, біраз қосымша жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2053