Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4187 0 пікір 29 Мамыр, 2014 сағат 12:00

АҚШ ЛАҢКЕСТІКПЕН КҮРЕСКЕ 5 МЛРД. ДОЛЛАР БӨЛЕДІ

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри ел өкіметі лаңкестікпен күрес жөніндегі қорға 5 млрд. доллар шамасында қаржы қосатынын мәлімдеді. Бұл туралы  BBC-ге сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Керри: «бұл қаражат мемлекетке экстремистермен күреске көмектесуі тиіс», - деп мәлім етті. Оның айтуынша, тиісті қор АҚШ-тың бүкіл әлем бойынша лаңкестікке қарсы операцияларын қаржыландыруына мүмкіндік береді.

АҚШ Президенті Барак Обама қор құру жөніндегі шешімін Нью-Йорктегі Вест-Пойнт әскери академиясында сөз сөйлеген кезінде жариялаған.

 

Абай-ақпарат

 

0 пікір