ЕҰУ ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ ПӘТЕР АҚЫҒА 38 МИЛЛИОН БӨЛЕДІ
Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті шетелдік мамандар үшін пәтер жалдауға 38 миллион теңге жұмсайды. Бұл туралы Tengrinews.kz білім ордасының ресми сайтындағы мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратқа сілтеме жасап хабарлады.
Аталған хабарлама 2014 жылдың 20 мамырында ресми сайтта жариялаған. Ал, оған өтініштер 21 мамырдан бастап қабылданған. Хабарламада өтініштің 11 маусымға дейін қабылданатыны, қызмет көрсету мерзімі 2014 жылдың 31 желтоқсанына дейін екені көрсетілген. Астанада пәтер жалдау құны әр шаршы метр үшін 2285 теңге. Яғни, бұл, көлемі 50 шаршы метр болатын пәтер үшін айына 114 250 теңгені құрайды.
Абай-ақпарат