Сенбі, 23 Қараша 2024
Тажал-Ғазал 7885 0 пікір 21 Мамыр, 2014 сағат 10:47

САҒАТ ЖҮСІП. СЫР БОЙЫН СҮРГІНГЕ САЛҒАН ҚЫЗЫЛ «СЕРІ»

Сағат  Жүсіп  -  белгілі публицист, қоғам қа        йраткері, демократиялық пиғылдан таймаған саясатшы, «Азат» қозғалысының негізін қалаушылардың бірі. Сағат аға соңғы кезде қызыл империя тарихында халқымыздың қалай зардап шеккенін мұрағаттық деректерге сүйеніп өндіре жазып жүр.   Публицист-саясаткердің еңбегінен үзінді келтіріп отырмыз.
  

 Гержод жайлы шығатын болашақ екінші кітабымның тарихи кейіпкерлері. Таныс болыңыздар:
Гержод Иосиф Иванович - 1917 жылдың желтоқсан айынан 1919 жылдың қараша айына дейін Перовск (бұрынғы Ақмешіт,кәзіргі Қызылорда) уезінің совдепінің төрағасы қызметін атқарған. Уезді басқарған екі жыл ішіндегі Сыр бойы халқына жасаған адам айтқысыз жауыздығы мен зұлымдығы үшін халық «Кәріжұт» атаған. Ташкент ревтрибуналының үкімімен ату жазасына кесіліп, кейін жазасы 10 жылға ауыстырылған. Кеңес заманында Перовскідегі революциялық күресі жайлы «Соңғы парад» деген кітап жазған.
Есенов Жорабек – 1917-1920 жылдары Перовск уездік милициясының бастығы қызметін атқарған, академик Шахмардан Есеновтың әкесі.
Миреев Сүлеймен – Перовск уездік атқару комитетінің іс басқарушысы. 1937 жылы «халық жауы» деп атылған.
Тәжбенов Мұса - Уездік атқару комитетінің мүшесі, Гержодтың жақын көмекшісі болған.
Бердіқожаев Бекхожа - Уездік атқару комитетінің мүшесі, Гержодтың жақын көмекшісі болған. Көп жылдары кеңес, партия органдарында істеген Еламан Жүнісбаев (атында көше бар) пен Мүслима Бекқожаеваның атасы мен әкесі.
Сарынов Арбаб – Перовск уезіндегі коммунистер тобының хатшысы болған, кейін Қаз КСР халық комиссары.
Лаумуллин Мұратбек - Гержодтың қылмыстық ісін тексерген Ерекше тергеу комиссиясын басқарған, аз уақыт Перовск ревкомының мүшесі болған. «Халық жауы» деген жаламен 1937 жылы атылған.
Тоқтыбаев Иса - Гержодтың қылмыстық істерін ашқан алғашқы тексеру комиссиясының төрағасы болған.
Бедебеков Серікбай - И. Гержодтың басқаруындағы Уездік Жер бөлімінде істеген, уездік ревтрибуналдың төрағасының орынбасары, заседателі болған, атында көше бар.
Палмұхамедов Әбу - 1918-1919 жылдары уезде әуелі сот орындарында, сосын білім саласында жұмыс атқарған.
Әлішер және Мұхамедияр Жанкин - Гержод басқарған уездік мекемелерде әртүрлі қызметтер атқарған, атында көше бар.
Сұлтанғали, Жолмұхамед, Нұрмұхамед Өткелбаевтар - уездік мекемелер мен болыстарында әртүрлі қызметтер атқарған (атында көше бар).
Сейдалы, Әлиасқар және Әлиакбар Лапиндер - Сыр бойына әйгілі болыс болған Мұңайтпас Лапиннің орысша оқыған білімді, сауатты ұлдары. Гержодтың аяусыздық жауыздығының құрбандары.
Қуанышұлы Зарқұм - Сыр бойының Кейкісі атанған өткір тілді, Гержодқа қарсы шыққан батыл қазақ. 1918 жылы үш ұлы мен төрт немере інісімен бірге атылған.
Нұрымбетов Битуған - Гержодтың тапсырмасымен уездің аш халқына Атбасарға астық керуенін ұйымдастырып астық әкелген. Қайтып келген соң Гержод оны қасындағы 11 жолдасымен бірге атып тастаған.
Құдабаев Әбу - Перовскінің Чекасында, уездік коммунистер тобында қызмет атқарған. 1937 жылы «халық жауы» деген жаламен атылған.
Бұқарбаев Қали - Гержод қызметтен алынған соң 1920-1923 жылдары Перовск уезінің атқару комитетінің төрағасы, кейін Ақтөбе облыстық аткомының төрағасы болып қызмет атқарған. 1937 жылы «халық жауы» деген жаламен атылған.
Костенко А. – Төтенше комиссияның (ЧК) алғашқы төрағасы, сосын Ерекше тергеу комиссиясының төрағасы болған. Адамдарды сотсыз атқан.
Трефилов Прокопий - Уездік партия комитетінің төрағасы, қазақтарды сотсыз атқан.
Архипов Антон – Уездік төтенше комиссияның (ЧК) бастығы, қазақ қыздарын зорлаған.
Дворцов Павел - Аштықпен күрескен уездік комитеттің төрағасы, тұтқындарды азаптаған.
Никитин, Неймович, Ворожейкин, Курдюков - Уездік аткомның бөлім мүшелері, қазақтардың мүлкін заңсыз тәркілеген, қуғындаған, соңғысы уездік милицияның бастығы, кеңес заманында Иван Федорович Курдюков (1906-1994) Қызылорда қаласының № 1 құрметті азаматы деген атаққа ие болды.

 

* * *

Мынау Перовск уезінің совдепінің төрағасы И. Гержод тұтқындалғаннан кейін оның сейфінен табылған бағалы дүниелер. Осыдан- ақ, 1917 жылы үкімет басына қандай қарақшылардың келгенін , олардың  қандай тонаушылар болғанын... біле беріңдер.

 

ОПИСЬ
вещей, сдаваемых Перовским Революционным комитетом на хранение в Перовское 
отделение Народного Банка
 

 

Наименование предметов количество Вес Кому принадл.
1.Золотые монеты 5 руб.
достоинства с припаянными ушками 2 3 зол.25д. И.Буранову
2.Дамские золотые часы с простой
цепочкой 1 37 з. 81 д. Конфискованы Перовским исполкомом у белогвардейца б.. генерала Флорентьева
3.Браслет золотой 1 2з. 77д. – -
4.Ведерко серебрянное 1 1 ф. 80 з. 33д. - -
5.Кубок серебрянный 1 72з. 31 д. - -
6.Бокалов серебр. средних 2 28з. 36д. - -
7.Бокалов серебр. маленьких 3 24з. 1 д. - -
8.Бокалов серебр. с ручкой 1 16 з. 87.д. - -
9.Разливная ложка серебрянная 1 19 з. 23 д. - -
10.Солонки серебрянные малые 2 10 з. 82 д. - -
11.Щипцы сахарные серебрянные 1 7 з. 56 д. - -
12.Сахарница серебрянная 1 41 з. 94 д. - -
13.Ложек серебр. чайных больш. 4 24 з. 39 д. - -
14.Ложек сер, чайных малых 3 9 з. 62 д. - -
15.Ложек для сах. песку серебр. 1 5 з. 76 д. - -
16.Кольца для салфеток серебр. 2 21 з. 74 д. - -
17.Медаль медная большая 1 
18.Медаль бронзовая малая 1
19.Медаль серебряная большая 1 18 з. 81 д. - -
20.Ложки столовые серебр. 10 1 ф. 71 з. 27 д. - -
21.Ножи с серебр. рукояткой 2 35 з. - -
22.Вилки серебрянные 2 21 з. 29 д. - -
23.Часы вороненной стали 1 - Неизвестно кому
24.Медальоны с цепочками простые 1 - - -
25.Цепочки простые 3 - - -
26.Турецких серебр. монет 1 р. дост. 6 32 з. 88 д. - -
27.Брошка золотая 1 4 з. 33 д. - -
28 Серьга золотая 1 72 д. - -
29.Браслетов сереб. мусульм. 2 8 з. - -
30.Бухарских сер. малых монет 86 61 з. 84 д. - -
31.Золотых монет 5 р. дост. 3 - -
32.Сереб. труб 8 14 ф. 15 з. 16 д. 15 Сиб. стр. Полку
33.Браслетов нового золота 1 - 15 Сиб. стр. полку

 

И.Д.Председателя Ревкома Жиляев
Член ревкома
Бухгалтер Сапожникоав (ф.1 оп. 2 д.53)

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5413