Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 7339 0 пікір 20 Мамыр, 2014 сағат 14:12

ҚАЗАҚТЫҢ ТӨРТ ЕРЕКШЕЛІГІ

Егер бір сәт сырт зерттеуші сияқты қарасам, қазақтардың басқада кездесе қоймайтын мынадай төрт ерекшелігі қайран қалдырар ма еді деп ойлаймын:

1. Жаңа саяси-экономикалық ортаға бейімделгіштігі. Көшпенді қоғамдық құрылыстан дәстүрлі отырықшылық тұрмақ заманауи индустриализацияға аз уақыт ішінде күшпен бір-ақ көшіргенде, өзін отарлаушы елдің тілі мен ғылымын, саясаты мен өнерін оның өзінен артық меңгерген, соның арқасында алып территориясын сақтап қалған мұндай қабілетті елді сирек көрдім.
2. Метрополияға адалдық. Азаттық алса да, өз отарлаушысына осыншама берілген саяси элитасы бар және соған лайық көнбіс халқы бар елді және сирек көрдім.
3. Бокс. Халықтың жан басына шаққанда кәсіпқой және әуесқой бокста осыншама табысқа жеткен мұндай елді сирек көрдім.
4. "Ұшқыр қиял". Бір-бірінің үстінен арыз жазғанда суырып салмалық дарыны мен шешендік өнері интуитивті түрде іске қосылатын, "фантазиясы" (қисынсыздығы) осыншама шексіз халықты және сирек көрдім (болыстыққа таласу кезеңі, "жапон тыңшыларын" әшкерелеу кезеңі, "желтоқсаншыларды" ұстап беру кезеңі мен қазіргі "ашық" және "жабық" хат кезеңінің түрлі шедеврлерін көргенде туған ой.

журналист Ғалым Боқаштың facebook парақшасынан алынды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1446
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3206
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5208