Сенбі, 23 Қараша 2024
Әдебиет 16949 0 пікір 22 Қаңтар, 2015 сағат 08:20

ЭФИР СЫРЫ

Неслишаһ Эрген.

                                 (Аударма)

 ЭФИР – ЖАСТЫҒЫМНЫҢ СЕРІГІ! 

Жаққұт жырға есім кетті неліктен,

Эфир, маған ғұмыр бойғы серікпең.

Көрерменге шаттық сыйлау қалауым,

Мені досым, көкжәшіктен көріппең?

Көрген болсаң, арманымды ұғарсың,

Көрермен боп бәлкім қолдап қоярсың.

Көкейіңді мазалаған сұрақ болса егер,

Хат арқылы маған қарай жолдарсың.

Сұрағыңа  жауап іздеп көрейік біздер,

Шаршауға асық көрермен үшін жүздер.

Камераның сансыз жарығы шашылып,

Жаңа хабар жасауға кірісеміз біздер,

Жаңа хабар-тамашалайсыздар сіздер!

Гримдеп жүздерді жан салған қыздар,

Айтылған сан түрлі қызықты сырлар.

Ой бағдарды жаттап мазасыз күй кешу,

Біреуді күту жүйкені әбден жұқартар.

Эфирді сүйу-өзіңді шынымен ұмыту,

Түсірілім алаңында бір бұйрық күту.

Күндей күліп көрерменмен қауышу,

Сан түрлі дақпыртты әңгімелер есту.

Шаттық шарасын толтыруға қам қылу,

Біреудің жұлдызын биіктетіп жандыру.

Біздің тірлікте-шыдам мен ақыл тоғысар,

Әр күндегі мақсат-көрерменді таң қылу.

Бір түнгі  ұйқысын сан бөлікке бөлетін ,

Бар қиындықты сабырмен ғана жеңетін.

Жасыған сәтте жанымды  бір жебер деп,

Көрерменнің ыстық-ықыласына сенетін.

Эфир – жалынды жастықпен сарындас мәңгі,

Эфир – тәтті  сөз, ұшқыр ой айта алу мәнді.

Эфир – боямасыз болмысты ғана сүйеді әркез,

Ұнатпайды, қаламайды  ол- жасандылықты.

Эфирде ұғымталдық қасиет екен ең  керекті,

Тақырыпты аша білу үшін -қоғамдағы өзекті.

Тыңдай білуге талпыну- шын көңілмен баршаны,

Қолданa білу – ақылмен елеп қолынатүскен  деректі,

Сәтті өтуіне жол ашары анық ,бұл – хабарың кезекті.

ЖАҢАЛЫҚ ЖАРШЫСЫ

(Әнуарбек Жәлелұлына)

 (Неслишаһ Эргеннің ізімен)

 Тантып эфирде сан дәлдігіңді,

Тануға талпындың әр ғұмырды.

Жаңалықты жеткізуші халыққа,

Зейіндердің – жалғасысың бүгінгі!

 Эфир – шынайы жандар мекені,

 Эфир – тазалықты талап етеді.

Эфир – тынымсыз еңбектенумен,

Талай түндеріңді ұрлап кетеді.

Жастығында жалындап жану,

Өз несібін еңбекпен ғана табу.

Салып бақсаң адами пайымға,

Ер боп абыройлы азамат атану.

Азаматсыз – асқар таулардай паң,

Сіздей жанды түлеткен арна  - «Таң».

Камера жарығымен достасудың өзі,

Тележүргізуші болу үшін-ұлы заң.

Өр жанының тазалығы сезіліп,

Онысы-эфир айнаға дәл беріліп.

Қалың қазақ отырады кештерде,

«Таңдағы»-жаңалыққа көзін тігіп.

Қазақи қалыптың үлгісі болып,

Жаһанның жаңалығын шолып.

Отырасыз жалын атып эфирде,

Қаңтарда жасаған аңшыдай жорық.

Қасымдардың-эфирдегі ісін бағып,

Алғандайсыз өзіңізді талай жанып.

Әр ойдың нүктесін қоясыз тауып,

Сол кісіден жұққан шығар анық.

Көрерменің ықыласы-бір ғажап,

Бітіреді ол кейде әз жанға қанат.

Эфир мені алдамасына шын сеніп,

Жыр жаздым, өр еңбегіңді бағалап.

Шынайы қалпынан ажырамастан,

Ұлы эфирден-лайық орын тапқан.

Тасқындап жеткен ақпараттарды,

Жүйелі сөзімен  жеткізіп баққан.

Жарқын ойлы-жалынды ерсіз,

Эфир деп талай уайым жерсіз.

Парасатты пайымды ісіңізбен,

Тек шыңдардан ғана көрінерсіз,

Талай хабарларды да жүргізерсіз.

Жаңалықтың жаршысы-жаны ізгі,

Эфирден көруге құштармын сізді.

Арман көшім-камера жарығының,

Ішінде сағым болып бәлкім жүзді.

Аударма өлең мен арнау өлеңнің авторы: Республикалық «Шарапат» шығармашыл жастар байқауының бас жүлдегері:Топанбай Мейірхан Мейрамбекұлы.

Abai.kz

 

 

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377