«СОТ КАБИНЕТІ» ҚОЛ ЖЕТІМДІ ҚЫЗМЕТ ТҮРІНЕ ҚОСЫЛДЫ
Халыққа қызмет көрсету орталығына тағы бір қызмет түрі берілгенін білесіз бе? Өз ісін дәлелдеген, сыбайластықты жою бағытында ашылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметі күн санап артуда. Халық сеніміне ие болған бұл орталықтың басты принциптерінің бірі - ашықтық.
Биылғы жылдан бастап Халыққа қызмет көрсету орталықтарында халыққа қолжетімді болу мақсатында «сот кабинеті» ақпараттық жүйесін қолдану үшін арнайы орындар жасақталуда. Яғни, азаматтар орталыққа келіп «өзіне – өзі қызмет көрсету» секторы арқылы сотқа электрондық түрде өтініш, талап-арыздарды жолдай алады.
Сот кабинеті – бұл ҚР сот органдарының сервистері мен қызметтеріне электрондық түрде рұқсат алудың бірыңғай терезесі болып табылады. Ал, сот кабинетінің пайдаланушысы - осы келісімнің шарттарын қабылдаған, Сот кабинетінде тіркелген, өтініштерді жіберу және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының шеңберінде сот істері мен материалдары бойынша ақпарат алу үшін Сот кабинетінің қызметтерін пайдаланатын кез-келген жеке немесе заңды тұлға болып саналады.
Қалай талап арыз беруге болады?
Қызметті онлайн алу үшін, алдымен порталда авторлану және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту керек. ЭЦҚ болу міндетті.
Өтінімге келесі құжаттарды тіркейсіз:
- талап арыз (*.doc форматында);
- өкілдің уәкілеттілігін куәландыратын сенімхат немесе өзге құжат;
- талапкер өзінің талаптарын негіздейтін жағдайларлы растайтын құжаттар, осы құжаттардың көшірмелері жауапкер және үшінші тараптар үшін, егер ол жоқ болса;
- оны даулау кезінде нормативтік құқықтық актінің мәтіні;
- кейінге қалдыру, ұзарту, сот шығындарын төлеуден босату немесе мөлшерлерін азайту, талапты қамтамасыз ету, дәлелдерді және басқаларын егер талап өтініште көрсетілмесе қамтамасыз ету туралы сұраныс хат.
Талапкер туралы нысанды және жеке немесе заңды тұлға болып табылатын - жауапкер туралы мәліметтерді толтыру (жеке және заңды тұлғалар үшін). Электронды талап арыз нысаны бір немесе бірнеше талапкер және жауапкер нысаны бір немесе бірнеше жауапкердің мәліметтерін енгізуге мүмкіндік береді (жеке заңды тұлғалар).
Сондай-ақ, заңды тұлғалар талап арыз бергенде жеке тұлғаның есеп жазбасын қолдану қажет (ЖСН арқылы), одан кейін талапкер жауапкер туралы мәліметтері жолдарын туралытолтырады, бұдан кейін талапкер туралы мәліметтер жолына талапкер ретінде шығатын адамның мәліметтерін толтыру керек.
Және де, онлайн өтініш беру кезінде облыстың атауы, соттың атауы, электрондық өтініш нөмірі бойынша процеске мониторинг жасау мүмкіндігі пайда болады. Бұл үшін сот істері бойынша анықтамалықпен пайдалану қажет.
СК Қолдау қызметіне Өтінішті жіберген соң Пайдаланушыға бір сағат ішінде оның өтініші қабылданғандығы туралы хабарлама жіберіледі, бұл ретте:
- Пайдалаушының бірінші Өтінішіне жауап беру уақыты өтініш тіркелген уақыттан бастап үш жұмыс сағатынан кеш емес;
- «Қосымша ақпарат беруге сұранымға» жауап алынған соң жауап беру уақыты Сұранымға жауап алынған мезеттен бастап 2 жұмыс күнінен кеш емес;
- Егер жұмыс уақытының 72 сағаты ішінде СК Техникалық қолдау қызметі «Қосымша ақпарат беруге сұранымға» жауап алмаса, онда Өтінішті қарау тоқтатылады.
Сот кабинетінің әкімшісі – Сот кабинетінде есептік жазбаларды жасау және жоюға, сот кабинетіне рұқсат алу үшін құзыреттіліктердің өзгеруіне жауапты және Сот кабинетінде ақпаратты орналастыруға және алмасуға құзыретті Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты.
Қосымша ақпараттар қажет болған жағдайда ҚР ЖС call-орталығы 1401 нөміріне қоңырау шалуға болады.
Абай-ақпарат.