Жұма, 22 Қараша 2024
Уақ-түйек... 9614 0 пікір 29 Желтоқсан, 2014 сағат 01:10

ШЫРШАЛАР... «ШАРШАДЫ» МА?

Жаңа жылдың басты нышаны – жасыл шырша еліміздің барлық облыс орталықтарында аспанға шаншылып тұрғалы айға жуықтап қалды. Һәм бұл шыршалар қазынадан бөлінген мол қаржыға сатып алынатыны тағы анық. Санай білетіндер, әлгі ақшаға біршама жас отбасыға баспана сатып алуға болатындығында есептеп жатады...

Айтпағымыз, бұл емес: бюджеттің ақшасына әкім-қаралар есеп бере жатар, жылды жұлдызды шыршаны айналып қарсы алу – парыз. Бірақ, осы шыршалар... шаршай бастаған сыңайлы. Мысалға, түнеу күні Шымкенттің орталығындағы нән шырша... құлап қалды. Жеңілтек мінезді жас-желең жігіт-қыздың зияны тимепті, желдің қатты соғуынан жантайып жата кеткен-міс. «Шаршаған»  шыршаны заматында алмастырып қойды...

Одан беріде, Қызылорданың басты жаңа жылдық шыршасы жанып кетті.

Кәдімгідей, қып-қызыл жалынға оранып, күйіп жатты. Жан баласы тәтті ұйқыда жатқанда өртеніпті, абырой болғаны да...

Рас, құлаған, қираған сырықтан да маңызды мәселе баршылық, бірақ, Жыл келгенге дейін бір ай уақыт бұрын жағылатын шыршалардың да «шаршай» бастағаны шынынан әзілі басым әңгімеге ғана арқау болып қала бере ме?

Абай.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3226
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282