Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 6222 0 пікір 26 Желтоқсан, 2014 сағат 19:37

Жамбыл облысы ардагерлері Президент сыйлығын алды

Жамбыл облысында Ұлы Отан соғысының 253 ардагері Президент атынан жаңажылдық сыйлық алды деп хабарлайды "ҚазАқпарат". 
Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша бүгін Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев тараздық төрт ардагерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, Президент атынан жаңажылдық сыйлықтар табыс етті, деп хабарлады облыс әкімі баспасөз қызметінен.

93 жастағы Уетай Әлімқожаев Ұлы Отан соғысы жылдары 307-ші полк 61 дивизия және 319 зенитті-артиллериялық полк қызметінің бастығы болған. «Еңбек Қызыл Ту», І дәрежелі «Ұлы Отан соғысы», «Құрмет», «Қызыл жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған. Бейбіт уақытында партия құрылымдарында еңбек етті. Қазақ КСР еңбек сіңірген мәдени қызметкері, КСРО кинематографиясының үздігі, халық ағарту ісінің үздігі.

Халиуолла Дармаханов   Дон, Балтика үшін ұрысқа қатысып,  Бірінші Беларусь майданында айқасты, екі рет жараланған, емделгеннен кейін сапқа қайта оралды.  І дәрежелі «Ұлы Отан соғысы», ІІ дәрежелі «Достық» ордендерімен,   екі «Қызыл жұлдыз» орденімен,  «Сталинградты қорғағаны үшін», «Әскери еңбегі үшін» медальдармен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.    Соғыстан кейін 20 жыл Орталық Азия мен Ленинград өңірлеріндегі әскери бөлімдердің жас сарбаздарын әскери тәсілдерге үйретумен айналысқан.

89 жастағы Александра Сергеевна   «Қызыл қалампыр» ардагерлер хорында ән айтады,  2000 жылы   «Колосок» өз хорын құрды.

88 жастағы ҰОС ардагері   Виктор Карпасов Батыс, қиыр шығыс майданына қатысқан, айқаста ауыр жарақат  алған.  Ұлы Отан Соғысы ордендерімен, 17 медальмен марапатталған.    Бейбіт өмірде темір жол саласындағы адал еңбегі үшін құрмет партиялық грамоталардың иегері атанған. 

ҰОС ардагерлерін қолдау бойынша ҚР Президентінің жалпұлттық акциясы шеңберінде Жамбыл облысының 253 ардагері Президенттен сыйлық алды.

Алдағы  2015 жыл - Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы, ТМД елдерінде Ардагер жылы екенін атап өтеміз.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5300