Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5758 0 пікір 26 Желтоқсан, 2014 сағат 19:36

Елбасының құттықтау хаты табысталды

Алматы облысының соғыс ардагерлеріне Елбасының құттықтау хаты табысталды деп хабарлайды "ҚазАқпарат". 

Бүгін облыс әкімі Амандық Баталов Алматыдағы «Қазақстан» қонақ үйінде Жетісу өңіріндегі ардагерлермен - мемлекет және қоғам қайраткерлерімен, кезінде партия органдарында, басшылық қызметтерде болған азаматтармен, соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесті.

Бұл туралы облыс басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

Басқосуда облыс әкімі Президенттің «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауындағы тапсырмаларды орындауда алға қойған міндеттер туралы баяндады.

Сонымен қатар өңірді дамытудағы жоспарларын да айтып өтті. Және 2015 жылы атап өтілетін мерейлі даталар, соның ішінде, әсіресе, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге байланысты ой бөлісті. 

- Мерейтойларды лайықты деңгейде өткізу үшін жан-жақты ұйымдастыру жұмыстары жасалуда. Оған сіздер де атсалысады деген ойдамын. Халқымызда «Елге жасаған жақсылық еленбей қалмайды» деген сөз бар. Бүгінгі кездесуді Сіздерге көрсетілген құрмет пен ілтипатымыз деп қабылдаңыздар. Қай кезде де аға ұрпақты ардақтап, жақсы өнегесін жалғастыру - біздің парызымыз, - дей келе Жаңа 2015 жылмен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. 

Өз кезегінде ардагерлер де пікірлерін айтып, ұсыныс-тілектерін жеткізді. 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5290