Дүйсенбі, 1 Маусым 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 10858. Жазылғандар — 5404. Қайтыс болғандар — 41
Жаңалықтар 2741 0 пікір 26 Желтоқсан, 2014 сағат 11:20

МӘСКЕУ МЕТРОСЫНДАҒЫ КӨРМЕ

Мәскеу метросының «Выставочная» аялдамасында орналасқан  «Метро» галереясында «Беймәлім Қазақстан» атты фотокөрме ашылды. Оны Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қорымен және Мәскеу метросының әкімшілігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Көрменің басты мақсаты «Болашақ Энергиясы» атты тақырыппен Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу аясында Қазақстанның әртүрлігін, табиғи байлығын және зор әлеуетін Мәскеу тұрғындарына және қонақтарына жеткізіп көрсету,болып табылады.

Көрмені салтанатты ашу рәсімінде сөз бастаған Мәскеу метро әкімшілігі басшысының орынбасары Владимир Погонин  елорда метросы қызметін күнара милиондаған адамар пайдаланатын тек көліктік кәсіпорын ғана емес екенін айтып өтті. «Біз метро жүйесімен пайдалану жайлылығын арттыруды тырысамыз және осы бағытта мәдени жобаларға ерекше көңіл бөлеміз. Бүгінгі таңда жолаушылар Қазақстанмен фотосуреттер арқылы танысып отыр», - деді ол.

Осы елдегі Қазақстан Елшілігінің кеңесші-уәкілі Виктор Темірбаев көрмені ұйымдастыруға қолғабыс көрсеткен үшін метро әкімшілігіне зор алғысын айтып, елімізге барып келген ресей азаматтары да осы қойылым арқылы Қазақстанды жаңадан ашу мүмкін деген сенімін білдірді.

Осы пікірге РФ Сыртқы істер министрлігінің ТМД елдері үшінші департаменті директорының орынбасары Владимир Спринчан да қосылды. «Мен Қазақстанда төрт жыл бойы қызмет еттім, әлемнің біраз жерлерінде болып келдім, - деді орыс дипломаты. – Бірақ мен де бүгін суретшінің көзімен көрсетілген Қазақстан табиғатының әсемдігімен таныса өтіп, Қазақстанды жаңадан ашқандай болдым».

2012 жылы «Беймәлім Қазақстан» атты өнер жобасы (басшысы - Константин Киквидзе) ҚР Тұңғыш Президенті қорының грантына ие болды.

 PHOTOSAFARI.KZ сайтының фотооператорлары мен журналистері тобы екі жыл бойы Қазақстанның барлық қорық және тарихи жерлерін аралап шықты. Әлемнің мұрасына кіретін еліміздің табиғи мен мәдени байлығы туралы көптеген фото- және бейнематериалды жинақтау үшін, олар 30 мың шақырымнан астам жол жүрді.

«Метро» галереясы «Выставочная» станциясында 2005 жылдан бастап орналасуда. Күн сайын Жаңа орталыққа бара жатқан қала жолаушылары теміржол платформасының үстінде орналасқан фотосуреттерді тамашалай алады. Галерея қызмет ете бастағаннан бері қала тұрғындары мен жолаушылары көптеген тақырыпқа қойылған біраз фотокөрмелерді көріп шықты. Қазіргі уақытта бұл галерея фотоөнерді ұнататын қала түрғындары мен жай жолаушылар арасында әйгілі орынға айналды. 

«Беймәлім Қазақстан» фотокөрмесі Мәскеу метросында бір бойына келушілер назарына ұсынылады.

Абай-ақпарат.

0 пікір