Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Қоғам 9140 0 пікір 19 Желтоқсан, 2014 сағат 09:31

ТҮРКІ ӘЛЕМІ. ОРТАҚ ТАРИХ ОҚУЛЫҒЫ ДАЙЫН

 Бұл туралы Түрік кеңесінің бас хатшысы Рамиль Гасанов мәлім етті.

Түрік кеңесінің бас хатшысы Рамиль Гасанов кеңеске мүше елдердің барлығында оқытылатын ортақ тарих оқулығының жобасының мақұлданғанын айтып, «Мамыр айында министрлер кітаптың соңғы қалпын бекітеді. Мемлекет басшылары және мәжілістердің де рұқсатынан кейін кітап 2016 жылы 8-шы сыныптарда оқыла бастайды» деді.

Толық атауы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі болып табылатын Түрік кеңесі 1992 жылдан бастап жүйелі түрде ұйымдастырылған Түркітілдес мемлекет басшыларының саммиттерінің бір жемісі ретінде 2009 жылы Нахчыванда қол қойылған келісім арқылы құрылды. Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан және Қырғызстаннан тұратын кеңестіңқұрамында Түрікменстан да бар.

Түрік кеңесін құру жайындағы ұсынысты алдымен Қазақстан Республикасының  мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жасағанын айтқан Гасанов сол кездегі Түркия президенті Абдуллах Гүл мен премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанның да ұсынысқа қолдау бергенін атап көрсетті.

Түрік кеңесі  - әскери саладан  тыс барлық салада ынтымақтастықты көздейтін халықаралық  ұйым. Кеңес өзіне мүше төрт елге Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Ислам Ынтымақтастық ұйымы мен БҰҰ сынды ауқымды халықаралық ұйымдарда өкілеттік жасайды.

Кеңес болашақта Еуропа Одағына ұқсас бір интеграцияға да ашық. Алайда бұл Гасановтың айтуы бойынша көп жылдар қажет ететін үдеріс.

ҚАТЕ ТҮСІНБЕУ КЕРЕК 

Гасанов Түрік кеңесін кейбір азаматтардың қоғамдық ұйыммен шатастыратынын айтты. «Біз қоғамдық ұйым емеспіз. Мұны жақсы түсіну керек. Кеңесте қызмет атқаратын 17 дипломат кеңеске мүше 4 елдің 10 министрлігі арасында үйлестірушілік қызмет атқарып отыр. Менде бас хатшы ретінде мемлекет басшыларына есеп беремін» деді ол.

 Түрік кеңесіне байланысты  әңгімесін Гасанов былай жалғастырды (суретте): «Біз баршаға құрмет көрсетеміз. Құрмет күтеміз. Түрік кеңесінің мақсаты аймағында бейбітшілікке, тұрақтылыққа, экономикалық молшылыққа, толеранттыққа , халықтардың жақындасуына үлес қосу. Дін, тіл, нәсіл деп айырмаймыз. Адамдық құндылықтарға мән береміз. Бауырлас төрт елдің бірге жұмыс істеуінің басқа елдерге, аймақтарға зияны емес, пайдасы бар» 

МАЖАРСТАН ДА МҮШЕ БОЛУЫ МҮМКІН 

Кеңеске толық мүшелік үшін негізгі шарт мүше болуды қалайтын мемлекетте ресми тілдердің кемінде бірі түрікше болуы керек. Гасанов «Алайда қонақ және бақылаушы мүше мәртебелері де бар. Аймақтан немесе аймақ тысынан мемлекеттер де осы мәртебені қолданып, бізбен ынтымақтасып жұмыс істей алады» деді.  

Кеңестің толық мүшесі болуға үміткер елдердің бірі Мажарстан екеніне тоқталған Гасанов осы елдің түп тамырының Еуропа Ғұн мемлекеті және мажар тілінің алтай тіл фамилиясына жататынын айтты.

 

Мажарстан жақында Түрік кеңесінің құрамдас ұйымы Түрік Парламенттер ассамблеясына бақылаушы ел ретінде қабылданғанын еске салған бас хатшы  Венгр Ғылым академиясымен Түрік Академиясы арасында жақсы қатынас қалыптасқанын айтты.

ОРТАҚ ТАРИХ ОҚУЛЫҒЫ ДАЙЫН 

Кеңес жұмыстары экономика, өнеркәсіп, қатынас, даму, білім беру, жастар мен спорт, мәдениет, информация технологиялары мен кеден секілді салаларда шоғырлануда. Кеңестің ортақ жобалары арасындағы ең көзге түсерлігі - мүше елдердің барлығында бастауыш мектептерде оқытылатын ортақ тарих оқулығы.

ТҮРІК КЕҢЕСІ

Бұл туралы Рамиль Гасанов былай деді: 

«Түрік академиясы 15-ғасырға дейін келетін ортақ тарих оқулығының жобасын 26 қараша күні Бакуде Кеңеске мүше елдердің Білім беру министрлеріне ұсынды және министрлердің рұқсатын алды. Мамыр айында министрлер кітаптың соңғы күйін бекітеді. Мемлекет басшылары және мәжілістердің мақұлдауынан кейін кітап 2016-шы оқу жылында 8-ші сыныптарда оқытыла бастайды деп жоспарлап отырмыз. 

ТҰҢҒЫШ ДИСАПОРА ОРТАЛЫҒЫ КИЕВТЕ 24 ЖЕЛТОҚСАН КҮНІ АШЫЛАДЫ 

Гасанов Кеңестің тағы бір жобасы -  «Бауырлас порттар» жобасы екенін айтып, «Каспийде Түрікменбашы және Ақтау порттарынан Бакуге келетін тауарлар теміржолы арқылы Самсун портына жеткізіледі. Самсун әлемге ашылатын қақпамыз болады» , - деді.

Бас хатшының берген мәліметтеріне қарағанда, Кеңес Францияның - Париж, Германияның - Берлин, Америка Құрама Штаттарының - Вашингтон және Украинаның - Киев қалаларында мүше елдердің осы елдерде өмір сүретін азаматтары үшін диаспора орталықтары қалыптастыра көрінеді . Осы орталықтардың алғашқысы Киевте 24 желтоқсан күні ашыламақ.

Диаспора орталықтарында Кеңеске мүше елдер үшін лобия жұмыстары жүргізіледі. Кеңес осы орталықтарға рухани қолдау беріп отырады.

ОРТАҚ ТЕЛЕАРНА ЕКІ ЖЫЛДЫҢ ІШІНДЕ АШЫЛАДЫ 

Түрік Кеңесіне мүше елдер үшін ортақ телеарна ашу үшін жұмысы жүріп жатқанын баяндаған Гасанов мұның 2 жыл ішінде тамамдалатынын білдірді. Гасанов Кеңеске мүше елдердің Еуропа Даму агенттігіне ұқсас бір құрылымда ортақ инвестиция қорын құру бағытында жұмыс жүргізгенін, мұның 2016 жылы іске асуы қажеттігін айтты.

Түрік Кеңесінің ең маңызды жобаларының бірі Баку-Тбилиси-Карс теміржолы магистралі де 2015 жылы ашылады. Гасанов осы жобада Кеңеспен ынтымақтасқан мүше емес елдің Грузия екенін еске салды.

ТҮРІК КЕҢЕСІ: Эрасмусқа балама Орхон

 

Түрік кеңесі – орталығы Астанада болып табылатын Түрік академиясы, орталығы Бакуде болып табылатын - ТүрікПа, орталығы Анкарада болып табылатын -Түріксой және орталығы Бакудегі - Түрік мәдениеті және мұра қоры сынды ұйымдардың шаңырағы.

Мүше елдер 15 университеті бас қосып, Университеттер арасыНда одақ құрлды. Одақ Еуропадағы Эрасмус алмасу бағдарламасына ұқсас бір бағдарлама дайындады. «Бұл бағдарламаны Орхон деп атадық. Қазір шамамен 200 тәлімгер осы бағдарламаны пайдаланып отыр. Алайда, бұл сан артады, айырықша бағдарлама оқытушы алмастыруды да қамтитындай түрде кеңейтіледі», -  деді Гасанов.

Бас хатшының айтуынша, Орхон үдерісі аясында Кеңеске мүше елдер арасында дипломдар да өзара өтімді болады.

ӘЙ, ТҮРІК! СЕНІҢ ЕЛІҢДІ, ЗАҢЫҢДЫ КІМ БҰЗАДЫ? 

Түрік Кеңесі бас хатшылығының ғимараты Стамбул қаласында Балмумджу ауданында орналасқан. Ғимараттың кіре берісінде Көктүрік әліпбиімен «Әй,Түрік! Сенің еліңді, заңыңды кім бұзады!» деген жазу назар аударады.

Қақпада Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан және Қырғызстан елдерінің  тулары жарасымды желбіреп тұр. Ел туларының тап ортасында түсін Қазақстан туынан, күн нақышын Қырғызстан туынан, айын Түркия туынан және сегіз бұрышты жұлдызын Әзірбайжан туынан алған Түрік кеңесінің туы орын тапқан (суретте).

Дереккөзі: TRT торабының қазақ тілінде ақпарат тарататын қызметі

0 пікір