Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 4229 0 пікір 17 Желтоқсан, 2014 сағат 12:34

ТҚЖБ ТҮСІНДЕРЕДІ: 20 пайыздық сыйақы қалай тағайындалады?

СҰРАҚ:

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» жарнамаларында әрбір салымшының депозитіне 20 пайыз көлемінде сыйақы қосылады деп жатыр. Сонда бұл сыйақы жалпы депозиттер санына беріле ме, әлде жинақталған ақшаның көлеміне қарай ма? Осыны түсіндіріп жіберсе…

Жазира, Алматы қаласы. 

 

ЖАУАП:

Алдымен, мемлекет тарапынан берілетін сыйақы туралы түсініп алайық. 100 пайыз мемлекеттің қатысуымен құрылғандықтан «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі» әрбір жинақтаушы депозитке мемлекет кепілдік береді және ынталандырады.

Ал, еліміздің тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін дамытуға мемлекет қана емес, ел тұрғындары да мүдделі болуы  тиіс. Міне, банк тарапынан депозиттерге берілетін жыл сайынғы 20 пайыздық сыйақы мөлшерлемесі осы ынталандыру мақсатында қолданылады.

Пайыздық үстеме «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі» депозиттің барлығына, ол белгілі мерзім аралығында айналымда болғанда төленеді Яғни, мемлекет сыйақысы желтоқсан айында төленетін болса, жинақ шоты кемінде тиісті жылдың басында ашылуы тиіс.

Көп жағдайда салымшылар жеке салымдарына төленетін сыйақы мөлшерлемесі мен мемлекет тарапынан берілетін 20 пайыздық үстеме сыйақыны шатастырып жатады. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі»  әрбір салымшының қаржысына төленетін сыйақы мөлшерлемесі 2 пайыз шамасында. Негізінен салымшылар үшін бұл төменгі пайыз болып көрінуі мүмкін, бірақ жыл соңында осы пайыздың үлесі 12,6 пайызға бірден көбейеді. Қараңыз, жоғарыдағы айтқанымыздай әрбір депозитке берілетін мемлекеттік сыйақы мөлшерлемесі 20 пайыз. Бұл жылына бір рет төленетін жүйе. Осын есепке алған кезде сіздің депозитіңізге төленетін жылдық тиімді мөлшерлеме 12,6 пайызды құрайтын болады. Тағы бір есте сақтайтын жайт, жинақтау мерзімі аралығында мемлекет тарапынан тағайындалатын сыйақының жалпы көлемі 200 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын депозиттерге қосылады. Яғни, салымшының ақшасы бір жылдағы жинақтаудың жоғарғы шегі болып табылатын 370 400 теңгеден аспаған жағдайда, оған 20 пайыздық үстеме төленеді.

Демек, мемлекет тарапынан төленетін 20 пайыздық сыйақы мқлшерлемесіне қызығып, есеп шотына жүз мыңдап ақша салып, еселеп пайда табуға жол берілмейді.

Абай-ақпарат.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052