Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4059 0 пікір 16 Желтоқсан, 2014 сағат 12:17

МАРАППАТТАР МЕН МАРАПАТТАЛҒАНДАР

Кеше, яғни желтоқсанны15-і күні иөмендегі адамдар мемлекеттік марапаттар мен арнайы сыйлықтарға ие болды:

«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры А.Қ.Мұсақожаеваға берілді.

 «Отан» орденімен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы А.С.Павлов, Қарағанды облысының «Шахтерское» ЖШС директоры Г.Г.Прокоп, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Қ.К.Тоқаев;

 І дәрежелі «Барыс» орденімен «Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы» ЗТБ төрағасы Т.А.Құлыбаев;

 ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен – Маңғыстау облысының әкімі А.С.Айдарбаев, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы А.А.Бисембаев, «Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығы» ЖШС директоры С.Жошыбаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қ.С.Сұлтанов;       

 ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Экономика институтының бас ғылыми қызметкері А.Қошанов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғ.Мұтанов; 

 «Парасат» орденімен «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбек, Алматы облысының әкімі А.Баталов, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, композитор К.Дүйсекеев, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Б.Көмеков;

 І дәрежелі «Достық» орденімен М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі А.Әшімов;

 ІІ дәрежелі «Достық» орденімен Қазақстан теннис федерациясының президенті Б.Өтемұратов марапатталды.

 Бір топ азаматтардың еңбегі «Құрмет» орденімен атап өтілді, олардың қатарында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Солтүстік Қазақстан облысындағы «Жаңа Есіл жол дистанциясы» филиалының жол шебері К.Ахметов, Ақмола облысы «Хлебороб» ЖШС бригадирі С.Әбдікарімов, Ақтөбе облысының әкімі А.Б.Мұхамбетов, Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыка және драма театрының актері Р.Омарханова, А.Розыбақиев атындағы № 153 мектеп-гимназиясының директоры  Ш.Омаров, ҚР Жоғарғы сотының судьясы  К.Шаухаров бар.

 «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен ақын, «Простор» журналының бас редакторы В.Михайлов;

 І дәрежелі «Даңқ» орденімен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қ.Қасымов, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-кимыл агенттігінің төрағасы Қ.Қожамжаров;

 II дәрежелі «Даңқ» орденімен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің төрайымы С.Айтпаева, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы М.Бектанов марапатталды.

 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Тұңғыш Президент – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы А.Әшімбекұлы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі аралас авиациялық эскадрильясының командирі В.Лобачев ІІ дәрежелі «Айбын» орденін кеудесіне тақты.

 «Ерлігі үшін» медаліне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті № 1 өрт бөлімі бөлімшесінің командирі Р.Мусин;

 «Жауынгерлік ерлігі үшін» медаліне Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі 97617 әскери бөлімі байланыс торабының сержант-нұсқаушысы Р.Суханов ие болды.

Әдебиет пен өнер саласындағы 2014 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы жазушы Қ.Мұханбетқалиұлына «Тар кезең» тарихи романы үшін; ақын Г. Салықбаеваға «Кешіріңдер келгенімді өмірге» өлеңдер жинағы үшін;  әнші П.Кесоглуге «Песня – душа моя» жеке концерті үшін; композитор Б.Қыдырбекке «Реквием» вокалды-симфониялық шығармасы үшін, авторлар ұжымы – Асқар Исабекұлы Мырзахметовке, Бақытжан Құдайбергенұлы Әшірбаевқа, Насир Ачилович Рустамовқа, Әмірхан Бекжанұлы Шүменовке, Нұрлыжан Маратбекұлы Бөкебаевқа Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған тарихи-монументалдық саябақ кешені үшін берілді.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5417