ТҚЖБ хабарлайды: ӨСКЕМЕНДІКТЕР НАЗАРЫНА!
«Қазақстанның Тұрғын үй құрылысы жинақ» банкі АҚ-ның баспасөз қызметі Өскемен қаласының тұрғын үй сатып алушылар және жалға алушылар пулына қатысуға қосымша өтініштер қабылдау туралы хабарландыру таратты.
«Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, 19 тұрғын ауданда орналасқан «Бес қабатты 60 пәтерлі тұрғын үй, 30/1 айқындамасы» көппәтерлі тұрғын үй кешені құрылысы аяқталды. Осыған байланысты, тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қосу мүмкіндігін Банктің қарауы үшін төлем қабілеттілігін бағалау рәсімдерін өткізу мақсатында көбірек балл алған өтінім берушілер (өтінім берушілердің тізімі банктің www.hscbk.kz сайтында, «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бөлімінде орналасқан) 2015 жылғы «04» қаңтарға дейінгі мерзімде Банкке бекітілген тізбе бойынша құжат тапсыру қажет» делінген баспасөз хабарламасында.
Абай-ақпарат.