Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4969 0 пікір 9 Желтоқсан, 2014 сағат 13:21

БЮДЖЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРГЕ – БАСПАНА

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ өз тарапынан тұрғын үй мәселелерін шешудің оңтайлы жолдарын щешуді ұсынып отырғаны белгілі. Бүгінгі таңда барлық салада еңбек ететін әлеумет өкілдерімен қатар, құқық қорғау саласының қызметкерлері де баспана мәселесін шешу үшін осы банкке сенім артып отыр.

Қазіргі уақытта Астанада прокуратура қызметкерлері үшін 117 пәтерлік үйдің құрылысын салу іске асырылуда. Құрылысты бір шаршы метрі үшін 150 мың теңгеден аспайтын бағада «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ қамтамасыз етеді.Тұрғын үй құрылысы 2014 жылдың соңына қарай аяқталады деп күтілуде. Прокуратура қызметкерлері үйді классикалық схема бойынша – Банкте жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтары және берілген заемдар есебінен сатып алады.

Жалпы, қызметкерлердің баспана жағдайларын шешудің мұндай жолы бірқатар ірі өндірістік компаниялар мен бюджеттік ұйымдардың басшыларын қызықтырып үлгерді. 

Абай-ақпарат.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1098
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2640
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 766
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 733