Статагенттік башысы экономикалық өсудің қазіргі үрдісінде 2010 жыл қорытындысы бойынша ІЖӨ-нің 7%-дық өсуіне қол жеткізу мүмкін емес дейді (қосымша)
Астана.14 мамыр. ҚазТАГ - Дина Ермағанбетова. Статистика агенттігінің басшысы Әлихан Смаилов экономикалық өсудің қазіргі үрдісінде 2010 жыл қорытындысы бойынша ІЖӨ-нің 7%-дық өсуіне қол жеткізу мүмкін емес деп есептейді.
«ІЖӨ өсуін 6-7% деңгейіне (2010 жылдың қорытындысы бойынша - ҚазТАГ) жеткізу үшін өте тырысу керек болады. Егер бәрі де қазіргі үрдісте сақталса, онда ондай өсуге қол жетпейді», - деді ол баспасөз мәслихатында.
Ә. Смаиловтың пікірінше, қаңтардан бергі байқалып отырған ІЖӨ нақты өсуі 2010 жыл қорытындысында үкімет болжағаннан 2% деңгейде жоғары болады.
«Менің жеке көзқарасым бойынша ІЖӨ өсуі биыл экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің болжағанынан жоғары болады», - деді ол. Бұл ретте агенттік басшысы өзінің болжамын негіздеуден бас тартты.
ІЖӨ-нің 7% -дық нақты өсуіне қол жеткізу үшін, оның айтуынша, тауар өндіру мен қызмет бизнесіне үкімет пен атқарушы орган тарапынан қосымша шаралар қолданылуы тиіс.
Статагенттік мәліметтерінше, ІЖӨ нақты өсуі қаңтар-наурызда, 2009 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда - 7,1% өсіп, қаңтар-сәуірде - 7,6% болды.
Бұрын хабарланғандай, осы аптада премьер-министр Кәрім Мәсімов экономиканың өсуін жылына 7%-дан кем болмауы керектігі туралы міндет қойған болатын.

Оның пікірінше, Қазақстанда қаңтар-сәуірде ІЖӨ өсуі 7,6% деңгейде болғаны «жаман нәтиже емес».
«Экономикалық даму министрлігіне тапсырма беремін: біз ІЖӨ-ні алғашқы жартыжылдық пен жылдық көрсеткіште қазіргі деңгейде ұстап тұру үшін тыңғылықтауды қажет ететін базалық көрсеткіштерді қарап шығу керек. Бізде тағы қандай резервтер барлығын мұқият қараңыздар», - деді ол сейсенбі күні үкімет отырысында.
К. Мәсімов «әкімдер 2009 жылы жақсы жұмыс атқарды, қосымша резервтерді тауып, сондықтан бізде жыл қорытындысында оң нәтижеге қол жеткіздік (ІЖӨ-ден - ҚазТАГ)».
«Енді жаңа міндет тұр: оң нәтиже аз. Енді тұрақты өсуді қамтамасыз ету керек, ал тұрақты өсу дегеніміз ол - 7%», - деді К. Мәсімов.