АЙМАҚТАҒЫ АҚШАҢҚАН ҮЙЛЕР
Баспаналы болу бақыты Астана мен Алматы сияқты үлкен қалаларда ғана емес аймақтағы шағын қалалар мен аудан орталықтарының тұрғындарына да бұйырып отыр.
Соның дәлелі ретінде Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының орталығы - Ақсай қаласында салынып біткен бес қабатты 90 пәтерлік үй жаңа үйдің қолданысқа берілуін айтуға болады. Өткен тамыз айында ауданда айтулы шаралар тізбегі жалғасты. Яғни, Бөрлідегі баспанамен қамту мәселесінің жолға қойылғанына жалғыз дәлел болатын бұл оқиға ған емес екен. «2012 жылы екі үйдің құрылысын бастаған едік. Бұған дейін 75 пәтерлік бес қабатты үйді пайдалануға берген болсақ, екіншісі осы 90 пәтерлік үй. Күні бүгін барлық санаттағы азаматтар үшін 144 пәтерлік тоғыз қабатты үй салынуда. Келер жылы осы үйді салып бітіруді көздеп отырмыз», - деді Бөрлі ауданының әкімі Марат Түсіпқалиев.
«Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы аясында салынып, құрылысына 450 млн. теңге қаржы жұмсалған жаңа үйден пәтер алушылардың барлығы «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшылары. Атап өтерлігі, жас отбасылар пәтерді бастапқы жарнасыз және төмен пайыздық мөлшермен жалға алды.
Абай-ақпарат