Жұма, 11 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5641 0 пікір 4 Желтоқсан, 2014 сағат 12:45

БАСПАНА БАҚЫТЫ: Атыраулық ананың алғысы

 

«Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» есеп-шот ашуға ниет еткен жас отбасы аз жылдар ішінде су жаңа баспанаға қол жеткізетіндігіне шүбәсіз сенеді. Өйткені, қазіргі күні банк салымшысы болу арқылы қол жетімді тұрғын үйге иелік ету мүмкіндігі жоғары.

Бүгіндері банктің қолдауымен баспанаға қол жеткізіп, отбасы бақытына бөленіп отырған жандардың үлкен шоғыры әр аймақтан табылады. Солардың бірі, Атырау қаласының тұрғыны  Гүлфайруз Әбсаттарова. «Өз шаңырағыңда отырып шай ішкенге не жетсін... Пәтер жалдап, көшіп-қонып жүрген күндер артта қалды ғой. Бірнеше жыл жолдасымыз екеуіміз үй жалдап тұрдық қалада. Екеуімізде жұмыс жасаймыз. Жолдасым әуежайда оператор қызметін атқарады, мен өзім мектеп үйірме жетекшісі болып жұмыс жасаймын. Екі баламыз бар. Осындай пәтерге ие болғанымызға өте қуаныштымыз. Алғысымыз шексіз, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне!» - дейді ол.

Айтпақшы, Атырау облысында  жыл басынан бері 5 көп қабатты үйден 318 пәтер қолданысқа берілді. Олардың көпшілігі аз қамтылған немесе көп балалы отбасы, мүгедектер мен апатты жағдайда тұрған үйлердің тұрғындары. Жалпы биыл аймақта мемлекеттік тұрғын үй бағдарлама аясында салынуы тиіс құрылыс өте қарқынды жүріп жатыр. Жыл аяғына дейін әлі 32 көпқабатты үй тұрғызылып, 1830 пәтер қолданысқа берілмек.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1067
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2615
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 742
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 707