Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5052 0 пікір 2 Желтоқсан, 2014 сағат 15:12

«Жас отбасыларға арналған тұрғын үй». Куәлігіңді көрсетсең болды

«Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» клиенттері үшін қажетті құжаттар саны едәуір қысқарды.
Енді банк келісімшарт жасау үшін азаматтың тек жеке куәлігін сұрайды. Бағдарламаға «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» бағыты бойынша қатысушылар жеке куәлікке әкімдіктің жолдамасын қоса алып келуі тиіс. Ал «Барлық санаттағы азаматтарға арналған тұрғын үй» бағыты бойынша жеке куәлік пен жалақы туралы анықтама қажет болады.
Сондай-ақ «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының қатысушылары бағдарламаға қатысуға және төлем қабілетін бағалауға өтініш бергені үшін ұсталатын комиссиядан босатылды. Яғни, клиенттің 15 мың теңгесі қалтасында қалады.
Сонымен қатар, төлем қабілетін растауға және кредиттік өтінімді рәсімдеуге құжаттар тапсыру кезінде клиенттер толтыратын құжаттар саны да қысқарған.
«Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» бағыты бойынша қатысушылар ай сайынғы жинақ жарнасын үзбей төлесе немесе мерзімінен бұрын салып қойса болды, төлем қабілетін растамаса да болады.
Табысты растау ережесі өзгерді. Жұмыс орнын ауыстырған азаматтардан енді алты айдың орнына үш айдың табысы талап етіледі.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354