Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 9367 3 пікір 28 Қараша, 2014 сағат 23:39

408 ЖАНҰЯ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

Тұңғыш Президент күніне орай Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов 408 отбасыға жаңа пәтерлердің кілтін табыстады.

Қаланың Алатау ауданына қарасты «Алғабас» тұрғын үй кешенінен берілген пәтерлер «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қаржылай қолдауымен салынған болатын.  Биыл Алматыда «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында 1600 отбасы үйлі болды. Ал пәтерлі болған 408 жанұяның «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» деген ризашылықтары шекісіз.

– Банктің жинақтау жүйесі түралы естіген бойда кеңес алып, ақша жинауға кірістім. Мен жас отбасымын, жасым 23-те, жұбайым, балам бар. Банк тарапынан берілетін сыйақы арқасында жинаған қаржымыз баспана құнының 50 пайызына жетіп, бүгін өз үйімізге кіріп отырмыз, - дейді алматылық Әлішер Тұрдалиев.

– Біздің қуанышымызда шек жоқ, банкке ақша жинағалы біраз уақыт болғанымен, мынандай дайын пәтерге кіретін күн көп күттірмей келетініне сенбеген едім... Отбасылы болғасын ата-анамызбен бірге тұрып келдік. Енді өз шаңырағымыз болады, осындай мүмкіндік бергені үшін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» алғысым шексіз, - дейді баспаналы болған тағы бір жас отағасы Ғалым Молдабек.

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 937
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2421
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 643
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 628