Сәрсенбі, 14 Қазан 2026
Көршінің көлеңкесі 5903 0 пікір 27 Қараша, 2014 сағат 14:22

ҚАЗАҚ ҚУАТЫ КЕРЕКСІЗ БОЛДЫ МА?

Қазақстан көрші Ресейге энергия көзі үшін көмір отынын тасымалдауды тоқтатты. Бұл сыртқы нарыққа шығаратын қуаттың құнына қатысты қабылданған шешім болып отыр.

Ресей экономикасында басталған дағдарыс пен рубль бағамының құлауы орыстар тарапынан көрші елдерден тасымалдайтын қуат көздеріне деген сұранысқа шектеу қоюға әкелуі кәдік. Қазақстандық мамандар Ресейге жөнелтілуі тиіс қуат көздерінің тоқтатылуын, олардың төлем қабілетінің төмендеуімен түсіндіреді. Алайда, мәселенің екінші ұшы бары тағы анық. Себебі, Ресей үкіметі өзінің ішкі нарығын жергілікті көмір өндірісі арқылы толық қамтитын жағдайға жетуге күш салуда. Қазақстандық энергияға деген сұраныстың төмендеуінің бір себебі осында жатса керек.

Айтпақшы, былтырғы жылы Қазақстаннан Ресейге бағытталған энергетикалық импорттың мөлшері 3,9 млрд. киловатт/ сағатты құраған.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 989
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1340