Жұма, 22 Қараша 2024
Осы ғой енді... 5335 0 пікір 24 Қараша, 2014 сағат 11:14

Ерлан САИРОВ. НАННЫҢ БАҒАСЫ ТУРАЛЫ

Ресейдің саясаткері Альберт Кохтың түп-тамыры Қазақстаннан. Қарағандынікі. Атасының әңгімелерінен  кітап  шығарып еді. Колхоздастыру кезінде, Қарағанды да бүкіл малды теміржол станциясының жанына жиыпты. Оған қазақтарды жолатпайды. Өз малына. Станциядан жарты шақырым жерде қазақтар аштан қырылып жатыр, дейді. Ол байғұстарға қалаға да карантин қойып тастаған. Сөйтіп, өзінің  тірі малы тұрып, қазақ қырылып жатыр, уақытында состав келмей, күтімі жоқ мал да қырылыпты. Осылайша   бір айдың шегінде  қазақ өз жанынан да, малынан да айырылған. Бүгінде осыған ұқсастау бір мәселе қылаң беріп тұр. Әңгіме нанның бағасына қатысты.

 

Нанның бағасын 30 теңгеге өсіреміз,- дейді жоғары жақ. Қалада болсын ауылда болсын, жұтаң тұратын қазақ. Есептеп қарасаң, жұтаң тұратын жанұя күніне екі нан жейді, 600-ді  30-ға көбейтіңіз – айына 18 000 тг. Еліміздегі өмір сүрудің төменгі деңгейі 18 660 тг екен. Сонда халықтың басым көпшілігі айына 660 теңгемен өмір сүруі керек пе?

Депутат А. Қоңыров, басқа депуттарттар сияқты айына 500 000 теңгенің ар жақ, бер жағында жалақы алады. Әрине оның күніне 10 нан алуға жағдайы бар! Спикер Қ.Жақыповқа дұғай сәлем. Осы депутаттың бір айлық жалақысын 18 660 теңге етіп қойса қалай болар екен? Ең болмаса, ойланып сөйлейтін болар?!

Бұл өзі коммунист қой, Камбоджа деген елде, 1970 жылдары,  Пол-Пот деген коммунист бір жылда коммунизм орнатамын деп,    халқының 65 пайызын қырып тастаған.

30 жылдары малмен эксперимент жасаған тәрізді, бүгін нанмен эксперимент жасаймыз деп, дүниедегі ең   бидайлы  ел бола тұрып, елді, қазақты қырып тастап  жүрмейік, әйтеуір!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3226
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282