Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2123 0 пікір 15 Мамыр, 2010 сағат 12:06

Қызылорда облысында мамырдың соңына дейін екі асфальтбетон зауыты пайдалануға тапсырылады

Алматы. 14 мамыр. ҚазТАГ - Қызылорда облысында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасын іске асыру аясында мамырдың соңына дейін екі асфальтбетон зауыты пайдалануға тапсырылады, делінген сенбі күні ҚР көлік және коммуникация министрлігі таратқан хабарда.

Құжатта айталғандай, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» дәлізінің Қызылорда облысныдағы учаскесі 817 км, олардың 242 км-ін I-ші техникалық дәрежеге өткізіп, 575 км-ін - II техникалық дәрежеге өткізу жоспарлануда.

«Бұл құрылыс өңірдің дамуына да айтарлықтай септігін тигізді. Бүгіндері мұнда қиыршық тас шығаратын зауыт «Шалқия» кенішінде іске қосылды. Алда осындай екі кәсіпорынды, және қуаты жылына 25 мың тонна битум шығаратын екі заутты іске қосу жоспарда. Айдың аяғына дейін екі асфалтбетон зауыты іске қосылады», - делінген ақпараттық парақшада.

Хабарда көрсетілгендей, 13-ші мамырға 304 км-де топырақтың жоғарғы құнарлы қабаты алынып тасталды, жалпы ұзындығы 27,8 км болатын айналмалы жол салынды, 1401 мың текше метр топырақ төселіп, екі су өткелінің құбыры салынды. Жол құрылыс материалдарын дайындау толығымен жүріп жатыр. Атап айтқанда, 438 мың тонна құм-қиыршық қоспа мен 209 мың тонна қиыршық тас дайындалды. Барлығы облыста 1281 теңника қолданылып жатыр. 

Бүгінге 2713 жұмыс орны ашылып, оған 1491 адам жергілікті тұрғындардан тартылды.

Барлығы қазір облыста төрт бас мердігер жұмыс атқаруда. Олар - «Салини» АҚ, «Аккорд/Окан» БК,  «Импреза» АҚ мен  «Тодини» АҚ. Олар өз кезегінде 20-дан астам қазақстандық және бірлескен жол компанияларын жұмысқа тартты. 

Өндіріс кестесі бойынша, биыл 152 км жолда асфальбетон төсенішінің төменгі қабатымен қозғалысты ашу жоспарлануда.

Еске сала кетсек трансконтинентальдық көлік дәлізінің қазақстандық бөлігінің жалпы ұзындығы 2787 шақырым және оның 2452 км аралығы жөндеуді қажет етеді. Жол республиканың 5 облысын басып өтеді. Магистраль құрылысы жобасының жалпы құны - 825,2 млрд теңге.

Былтырдан бастап жолдың халықаралық қаржылық институттар қаржыландыратын учаскелерінде мердігерлік мекемелерді іріктеу конкурсы өтіп жатыр. Бүгінге 967 км жолға мердігер мекемелер іріктеліп болып, бірінші жартыжылдықта 447 км жолды жөндеуге келісімшарт жасалатын болады. Қалған 230 км жолға конкурс екінші жартыжылдықта аяқталады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5439