Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 5852 0 пікір 13 Қараша, 2014 сағат 11:36

Қоянды жұртын қорқыта бере ме?

Кеше Қоянды ауылының тұрғындары (Ақмола облысы, Целиноград ауданына қарасты округ) ҚР Президенті Н. Назарбаевтың атына ашық хат жазып, Ақордаға алып барып тапсырды. Қояндылықтар ашына жазған ашық хатта былай делінген:            

 

 Қазақстан Республикасы Президенті

       Н.А.  НАЗАРБАЕВҚА

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

                   Прокурор, полиция жасақтарын ерткен Целиноград ауданы әкімінің орынбасары А.К. Айтқожинова  оралмандарды қорқытып «Нұрлы Көшті», «Мұңлы Көшке» айналдыруға мәжбүрлеп, көштің бетін кері бұрмақшы .   

       2014 жылы, қарашаның 1 күні   Целиноград ауданы әкімінің орынбасары А.К.Айтқожинова аудандық Мәслихаттың хатшысы Р.Ж. Қоянбаевты  аудандық прокурор Қуанышбаев Даниярды, Ішкі Істер бастығының орынбасары Медеубаев Ермекті полицияларымен Қоянды ауылына ертіп келіп, ауыл әкімі Мейірманкулова Алтынай  ауыл тұрғындарының бір-біріне жала жауып, арыз жазуға мәжібүрлеп,  қыспаққа алды. Тергеуші Қанатбаев Серік: «ІІБ-іне кел, куә боласың, қолыңды қойып кет, келмесең өзіңді жауапқа тартамыз», деп қоңырау шалып маза бермейді (үнтаспада бар). Ал,  А.Айтқожинова кеңесші Қ. Ахметовты ертіп алып (бейне таспасы бар) соттың шешімінсіз, қолдарында құжаттары болса да, Қоянды мен Шұбар ауылдарындағы оралмандардың жалғыз баспаналарын қопарып, дегеніне жетсе, енді бізді (оралмандарды) Заң білмейді деп, Қояндыда әкімнің кеңсесінде полиция, прокурорларымен қорқытып, Құдайдан қорықпай оралмандарды мәжбүрлеп, тіптен, ауыл әкімі Мейірманкулова бір оралман әйелді, иығынан басып, күштеп, «сен сыртқа шыққасың жазбайсың, қашып кетесің» деп, Н деген азаматшаға «сен жеті мың доллар бердім» деп жаз деп қылмысқа итермелеп отыр. Осылайша А.К.Айтқожинова қарамағындағыларымен, полициялармен қорқытып, біздің қолымызбен жала жауып арыз жазғызып, қылмысқа итермелеп, өз « саясатын» әрі қарай жалғастыруда. Бұл не сұмдық! Қайда шағымдансақ та (Қ.Қасымовқа, Қ.П.Қожамжаров, Н.З.Нығматуллин, Б.Қ.Байбек)  телеарналар көтеріп  жатса да, біздің жанайқайымызға құлақ түрер ешкім жоқ. Оның есесіне күні бүгінге дейін Қоянды ауылының тұрғындары А.К.Айтқожинованың езгісіндеміз.  ІІББ орынбасары Е.Медеубаев: «Жерді жекеменшік «Сарыарқа Табыстан» алыңдар, оның құжаттары заңды, Қояндыда жер жоқ, сендердің құжаттарың заңсыз. Әйтпесе Зерендіге барыңдар, жекеменшік шаруашылық бар, соған барып жұмыс істеңдер 3 қабатты жатақханасы бар», - деді. Біз ешқандай алаяқтан жер сатып алған жоқпыз! Қолымыздағы құжатымызды заңды түрде рәсімдеп берсін! Біз Ата жұртқа біреуге малай болуға келген жоқпыз! Оралмандар заң білмейді деп сенбі жексенбіге қарамай полицияларымен қорқытып жүрген А. Айтқожинова мен А.Мейірманқұлова азғана ауыл адамдарын алауыздықпен арандатпай,  жауапқа тартылсын! Қорқытып үркітіп, күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айыратындай біздің тағдырымыз надан, сауатсыз әкімдер А.К.Айтқожинова, А.Мейірманқұловаларға ойыншық па, неге олар қызметтерінен кетпейді?!.

Сіз бастаған «Нұрлы көшке» өші бардай жауығып жүргендерге бір шара болады деп сізге хат жаздық.                

ҚОЯНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ:

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5349