Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3074 0 пікір 17 Мамыр, 2010 сағат 06:13

Қазақстандық балуан Марғұлан Әсембеков Үндістандағы Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Алматы.17 мамыр. ҚазТАГ - Грек-рим күресінің балуаны Марғұлан Әсембеков Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды.

Үшінші орын үшін жекпе-жекте Әсембеков (96 кг) Үндістан өкілі Ашок Кумардан басым түсті.

Еске сала кетейік, бұған дейін грек-рим күресінің шеберлері Қазақстан құрамасының қоржынына екі медаль салған болатын, олар: қола алған Марат Ғаріпов (55 кг), финалға шығып, күміске қол жеткізген Айбек Еңсеханов (66 кг).

Осылайша, командалық есепте бірінші орынға Оңтүстік Корея шықты. Екінші сатыда Қытай мен Үндістан, төртінші орында Иран. Қазақстан құрамасы бесінші орынды қанағат тұтты.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435