EҚҚБ Өзбекстанның ІЖӨ өсуі ағымдағы жылы 8,2% болады деп болжап отыр
Ташкент. 17 мамыр. ҚазТАГ - Еуропалық қайта құру банкі (ЕҚҚБ) ағымдағы жылғы Өзбекстанның ІЖӨ өсу болжамын жақсару бағытында қайта қарап, қаңтарда жарияланған 7,8%-дан, 8,2%-ға көтерді. Банк өткен демалыс күндері осындай мәліметтер жариялады.
Банк сарапшыларының пікірінше, қайта қарау Өзбекстанның экспорттық негізгі баптарына деген - алтын, газ, мақтаға - сұраныс тұрақталғанына байланысты болып отыр.
ЕҚҚБ 2011 жылы Өзбекстанның ІЖӨ өсуін 7,0% деңгейінде болжап отыр.
ЕҚҚБ мәліметтерінше, Өзбекстан экономикасы банк жұмыс істеп жатқан өтпелі экономикасы бар елдердің өсу қарқынының орташа мәнінен жоғары қарқынмен дамитын болады (2010 жылы 3,7% және 2011 жылы 4%).
Мамырдың басында Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) да Өзбекстанның ІЖӨ өсуін биыл 7% -дан 8%-ға көтерген болатын. Қор сарапшыларының бағалауынша, өсудің негізгі факторы - елдің экспорттық негізгі баптары - газ, мақта, алтынға әлемдегі бағаның жақсы болуында. Қор мәліметтерінше Өзбекстан экономикасы 2011 жылы 7% өседі.
Өзбекстан үкіметі жыл басында елдің биылғы ІЖӨ өсуін арту бағытында 8,3%-дан 8,5%-ға көтеріп, қайта қараған. Бұл көрсеткіш 2009 жылы 8,1% болған. Үкімет инфляция 6-8% болады деп күтеді. Ал 2009 жылы инфляция 7,4% болған.