Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Айқай 5711 0 пікір 31 Қазан, 2014 сағат 10:26

Жұмаш КӨКБӨРІ. БАСҚА ҚОЛДАН НЕ КЕЛЕР?..

30.10.2014 ж. Алматыдағы бір кітапханада қазақтың салт-дәстүрі туралы
бір ғылым докторының орысша жазылған кітабының тұсаукесері болды.
Бір кездегі бас молда Ә.Дебісәлі жүргізіп отырды. Ғалым атаулыларымыздың
барлығы дерлік «шүлдірге» басты дерсіз.Мен өзімді Қазақстанда емес, тура Ресейде отырғандай сезіндім. Қайран Қазағым үшін, оның бай Ана Тілі үшін, қатты қорландым. Ғалымдарымыз осындай болса, ана билектегі Шүлдірбайлардан не сұрауға болады?..
Автор.
ХХХ

Мұнар, мұнар, мұнар күн,
Ұлт қайғысын ұғар кім?
Түрі - Қазақ болғанымен
Ділі - орыс бұлардың.

Ұлт еместей Қазағы,
Тек, Мәскеуде назары.
Ғалымдарым – ғылымын
Әлі орысша жазады.
Орыстармен бірлесер,
Мәскеуменен күн кешер,
Биліктегі Шүлдірлер
Тек «шүлдірше» тілдесер.

Айрылғандай тыныстан,
Сорлы Қазақ ығысқан.
«Шүлдір-шүлдір!» айналам,
Тек, «шүлдірше» ұғысқан.

Қазақ Тілі - болмаған,
Қазақтай Ұлт - болмаған.
Әлі тынбай «шүлдірлер»
Кілең тексіз оңбаған.

Кеше Қазақ, қандаймын?
Бүгін Қазақ, қандаймын?
«Садаға кет, Қазақтан!»
Деп, оларды қарғаймын.

Деймін бе ұлтқа: «көне бер»!
Деймін бе Ұлтқа: «сөне бер»?
Айтып, айтып,шаршаудан
Басқа қолдан не келер?
Жұмаш КӨКБӨРІ,

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2050