ТӘЖІКСТАН МЕН НАТО ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСУДА
Тәжікстан СІМ Сиражудин Асылов Брюссельде НАТО бас хатшысының орынбасары Александр Вершбоумен кездесуінде Тәжікстанның НАТО-мен он жылдан астам ынтымақтастығын Орталық Азия аймағында тұрақтылық негіздерін күшейту үшін маңызды деп атады. Бұл туралы Иран қазақ радиосы хабарлады.
Аймақтық және халықаралық мәселелер, атап айтқанда лаңкестік, экстремизм және есірткі заттар контрабандасымен күрес саласындағы ынтымақтастық, Ауғанстан жағдайы және шетелдік әскерилер шығарылғаннан кейінгі осы ел дамуының көкжиегі Асылов пен Вершбоу келіссөздерінің әңгіме арқауы болды.
Абай-ақпарат