Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 6569 0 пікір 17 Қазан, 2014 сағат 11:00

АЙШОЛПАНДЫ АЛДАҒАН АШЕР

Бұл бүгінгі таңда аты әлемге танымал болған Монғолиялық бүркітші қызы Айшолпан қарындасымыз жаңылмасам, осы жылы жасы 14 ке енді толып отыр.

Айшолпан әкесімен бірге бүркіт салып даланың қыр-сырын еркен меңгерген нағыз құсбегі десек болады. Өткен жылы Айшолпанды тау бөктерінен байқап суретке түсіре бастаған шет елдік фото суретші Айшолпанмен арнайы келісімге отырған. Сөйтіп, саятшылық өмірдің қыр-сырын түгелдей өз камерасына тартып алған. Тіпті қасынан бір елі қалмай көлеңкесі іспетті болып бақандай үш ай жүргенге ұқсайды.

Ең өкініштісі сол, Ашер Свиденсий есімді фото камера ұстаған жігіт әлгі келісім шартты қазақ тіліне аудартпаған. Ағылшынша нұсқасына қол қойғызып алып кете берген. Артынан белгілі болғандай келісімшартта Айшолпан мен оның әкесіне үш айда тек 1 ғана доллар төлеймін деп көрсетілгенге ұқсайды. Нақты ақпарат жоқ. Сондықтан ұзын құлақтан естігенімді іште бүгіп қалмай өздеріңізбен бөлісуді жөн көрдім. Егер бұл ақпарат рас болса, әлгі жігіттің өзін тауып сазайын беру қажет.

Айтпақшы, әлгі суретші саятшы Айшолпанды суретке түсіріп болған соң, Монғолияның Бай-Өлкесінен зым-зия жоқ болған.

Мына суреттерді Ашер Свиденсий (суретте) өз елінде отырып әлеуметтік желілер арқылы таратқан.

Бердибек Хабайдың facebook.com парақшасынан алынды.
0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373