Жұма, 4 Қазан 2024
Жаңалықтар 4144 0 пікір 9 Қазан, 2014 сағат 23:23

ДСҰ-ға кіру жөнінде ЕО-мен келіссөздер аяқталды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Брюссельге жасаған жұмыс сапары аясында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасында ҚР-дың Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі екіжақты келіссөздерді аяқтау туралы бірлескен құжатқа қол қойылды.  Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Еурокомиссия төрағасы Жозе Мануэл Баррозу қатысқан рәсімде құжатқа қазақстандық тараптан экономикалық интеграция ісі жөніндегі министр Жанар Айтжанова, ал еуропалық тараптан сауда мәселелері жөніндегі еурокомиссар  Карл Де Гюхт қол қойды. 

«Бүгін біз Ж.Баррозу мырзамен Еуропалық одақ пен Қазақстан арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы жаңа келісім келіссөздерінің аяқталғанын ресми қуаттадық. Сонымен қатар, Қазақстанның Еуроодақпен ДСҰ-ға кіру туралы арадағы келіссөздері аяқталғаны туралы құжатқа қол қойылды. Бұл екеуі де біздің еліміз үшін көптен күткен және өте маңызды құжаттар», - деді ҚР Президенті Н.Назарбаев. 

Абай-ақпарат

0 пікір