Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 7018 0 пікір 7 Қазан, 2014 сағат 15:54

MODEF EXPO-2014: жиһаз әлеміне саяхат

Бүгінде Түркия мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы 4 млрд. долларға жуық. Келешекте бұл көрсеткіш 10 млрд. долларға дейін жеткізіледі. Екіжақты байланысты түріктердің жиһаз жасаушылары нығайтуды көздеп отыр. Бүгінде түркі елдерімен арадағы сауда-саттық, экономикалық және іскерлік қарым-қатынас нығая түскен. Жуырда Алматыға келіп қайтқан Түркиядағы жиһаз жасаушылары ассоциациясының мүшелері біздің жиһаз жасаушы кәсіпкерлермен кездесті.

                                               Басты мақсат – серіктестік орнату

Түркияның Бұрса облысына қарайтын Инегөл қаласында Жиһаз жасаушылар ассоциациясы жұмыс істейді. Осы Ассоциацияның президенті Өзжан Айхан мырза Қазақстандағы жиһаз жасаумен және сатумен айналысатын кәсіби мамандарды биыл Инегөл ауданында ұйымдастырылатын көрмеге шақырды. Оның айтуынша, MODEF EXPO-2014 көрмесі 2014 жылдың 4-8 қарашасында Жер шарының түкпір-түкпірінен қатысатын 1500 сатып алушыға қызмет көрсетуге дайын. Modef Fuarcılık ұйымдастыратын шарада қойылатын өнімдердің түрлері: заманауи, классикалық, антикалық және модульдік жиһаз. Өнімдер: креслолар, орындықтар, дивандар, балалар мен жасөспірімдерге арналған жиһаздар, фурнитура. Хикмет Шахин Мәдени бағындағы Халықаралық көрме орталығында өткізілетін шараға шақырылатындар: жиһаз дүкендері, дүкендер желісі, көтерме саудамен айналысатындар, импортерлар, экспортерлар, алыпсатарлар, архитекторлар, интерьерлердің декораторлары, өндірістік дизайнерлер, жиһаз жасау кәсібімен айналысатындар т.б.  

Инегөлде осымен 34-рет өткізілгелі отырған «Modef Expo 2014» көрмесінде әлемдік деңгейде танылған түрік компаниялары жиһаз және декорация саласына қатысты өнімдерін ұсынбақшы. Шара барысында ұйымдастырушылрар қауымы бүгінде экономикасы қарқынды дамып келе жатқан Орталық Азиядағы Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан сияқты түркі мемлекеттері, Таяу Шығыс, Солтүстік Африка, Балқан елдерінен келетін тұтынушыларға арнайы кездесулер өткізуді жоспарлап отыр. Басты мақсат – инвестиция тарту. Осы орайда, Modef Expo мен  «Antexpo» Халықаралық Маркетинг пен қатысушыларды тартатын серіктес компаниясы Иран, Ирак, Біріккен Араб Әмірліктері, Иордания, Ливан, Египет, Болгария, Алжир, Марокко, Тунис, Қазақстан т.б. әлемнің 30-дан астам елімен байланыс орнатып, VIP сатып алушыларды жиһаз өндірісіне тарту мақсатында жұмыс істеп жатыр.

Былтыр «Modef Expo-2013» көрмесінде жергілікті 145 компанияның жиһаз әлеміне қатысты ең соңғы үлгідегі өнімдері сатып алушылардың назарына ұсынылған болатын. Осы шараға Жер шарының 62 елінен 2454 шетелдік қонақ қатысты. Бұл отыз үш жылдық тарихы бар көрмедегі ең жоғарғы көрсеткіш еді. Айта кетерлігі, көрмеге қатысушылардың 3 күндік қонақүйін, Стамбұлдан Инегөлге дейінгі жеткізетін көлігін, таңғы және кешкі астарын т.б. шығынын ұйымдастырушылар көтерді.

Биыл күзде өтетін көрме барысында қатысушылар Инегөлдегі жиһазшылар жасаған өнімдердің заманауи, классикалық т.б. кең ауқымда дайындалған үлгілерімен таныса алады. Осының арқасында «Инегөл – Түркияның жиһаз саласының күретамыры» деп бекер аталмағанына көз жеткізеді.

Халықаралық сатып алушыларды «Modef Expo-2014» көрмесіне тіркеу ендігі басталып кеткен және қатысушыларға арналған үлгіге әр сатып алушы өздері туралы мәліметтері қоса тіркеуі қажет. Сонымен қатар «Modef Expo 2013» көрмесінің Hosted Buyer бағдарламасына тапсырыс беру үшін «Antexpo» серіктес кәсіпорнына хабарласуы тиіс. Халықаралық деңгейде өткізілетін шараға топ болып қатысуды көздейтіндерді ұйымдастырушылар қауымы құшақ жая қарсы алады. Көрме туралы толық мәліметті www.modef.com.tr сайты арқылы алуға болады.

                                               Жиһазды 110 елге экспорттайды

Түркиядағы жиһаз өндірісі қарқынды дамып келе жатқан салалар қатарында және осының арқасында түрік кәсіпкерлерінің халықаралық бәсекелестікке төтеп беруіне жағдай жасады. Сапа, үлгі және баға өзара үйлескенде тұтынушылық сұраныстың артатыны анық. Бүгінде жиһаз саласынан түсетін 60 миллиард АҚШ долларының 25 пайызы әлемдік нарыққа тиесілі. Осы көрсеткіштің 35 пайызын иемденген Инегөл жиһазшылары экспорт көлемін 1 млрд. АҚШ долларына жеткізуді көздеп отыр. Бұл мақсатқа қол жеткізу әбден мүмкін. Өйткені Инегөлде 260 ірі жиһаз фабрикасы, 1000 жиһаз салоны және 1500 өндіріс орталығы бар. Түркиядағы ең ірі жиһаз экспорттаушы деген атауын да сақтап қалуға сеп болған осы мүмкіндік. Қазір Инегөлдегі 1300-ден астам жиһаз компаниясы әлемнің 110-нан астам еліне өз өнімін экспорттап отыр.

Негізі Modef Expo – кең ауқымдағы сапалы жиһаз өнімдерін арзан бағаға сатып алуды көздейтіндерге арналған көрме. Өнім жасауға қажетті шикізаттар Инегөлде өндірілетіндіктен, сапасы өте жоғары әрі құны төмен. Экспорттайтын кезде қойылатын баға да кәдімгідей көңіл қуантады. Сатып алушылар үшін тағы бір тиімді нәрсе, Еуропа мен Азияның қақ ортасындағы Түркия – еуропалық елдерге, түркітілдес мемлекеттерге, Таяу Шығысқа түріктердің өнімдерін импорттау үшін қолайлы мекен. Осының арқасында екіжақты серіктестік қары-қатынас түзіледі.

                                               Инегөлді көргенде арманда, көрмеген де...

Жиһаздардың сан түрін ұсынатын көрмеден басқа Инегөлде жатжұрттықтарды қызықтыратын тарихи мекендер көп. Табиғатының сұлулығын сөзбен айтып жеткізе алмайсыз. Ал Ойлат деп аталатын шипажай орналасқан жердің әдемі табиғаты мен арзан бағасы да көпшіліктің көңілінен шығады. Осман империясы кезінде салынған ғимараттар мен тарихи нысандар, мешіттер 700 жыл бойы үстемдік құрған империяның бір үзік сыры іспетті. Сонымен қатар Инегөлдегі қала мұражайының жөні бөлек.

Ұлыдағ тауының етегіне жайғасқан Инегөл аумағын адамдар ежелден мекендеген. Ескендір Зұлқарнайын басқарған мемлекеттің, Византия империясының құрамында болған осы жерді XIV ғасырда І Осман сұлтан Осман империясының іргетасын қалаған. Бурса провинциясына қарайтын Инегөл теңізден 2543 метр биіктікте орналасқан. Инегөлде шаңғы тебу сияқты басқа да қысқы спорт ойындары жақсы дамытылған. Өсімдіктер мен жануарлардың сан түрі шоғырланған Ұлттық бағы қандай! Бір кездері жергілікті өнімдері орман шаруашылығының арқасында дамыған болатын. Бұл үрдіс 1950-жылдардың басына дейін жалғасқан.  Алайда, 1980-жылдардан кейін өнеркәсіптік аймақтың ықпалы тиген Инегөлде өнеркәсіп саласы ерекше қарқынмен дами бастайды. Бүгінде жиһаз саласымен бірге тарихи, денсаулық және спорт туризмдері жақсы дамыған.

 

 

 

AntExpo Org. ve Dan. Tic. Ltd. Şti 

(Int'l Marketing & Visitor Promotion Partner of Modef Expo 2013)

Address: Barbaros Mah. Öner Sok.

Deluxia Palace No:5 K:2 D:68 Batı Ataşehir - İstanbul / TURKEY

Tel: +90 216 541 0390 Fax: +90 216 541 0389 Skype: rabia.alga

E-mail: rabia@antexpo.net  Web: www.antexpo.net

For Modef Expo Inquiries Please Contact

Mrs. Aysun SANATÇI / Fair Organizatıon & Foreıgn Trade Manager 

 

 

MODEF Fuarcılık Tic. Ltd. Şti 

Kemalpaşa Mah. Okullar Cad. No:11

Hikmet Şahin Kültür Parkı Uluslararası Fuar Merkezi 16400

İnegöl / Bursa / Turkey

Tel: +90 224 713 16 26 Fax: +90 224 712 18 68 GSM: +90 532 626 57 00

E-mail: aysun@modef.com.tr  Web: www.modef.com.tr  

 

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385