Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 4789 0 пікір 1 Қазан, 2014 сағат 13:55

ТАЛҒАТ ЕРМЕГИЯЕВ ЭКСПО-НЫҢ ПАЙДАСЫН АЙТА АЛМАДЫ

Халықаралық шараға дайындық барысын Парламентте баяндауға келген Талғат Ермегияев «ЭКСПО-2017 көрмесінің қандай пайдасы болады» деген сұраққа жауап бере алмай тосылған. Бұл туралы «31 арна» хабарлады.

Ермегияевқа депутаттардың емес, журналистердің сауалы көп болған. Қысылғаннан әлемде жоқ жүйені ұсынып таң қалдырамыз деген шенді, нақты қандай нысанның көрме нышаны болатынын ашып айта алмаған. Тіпті Экспоға келетін мүгедек туристер үшін қолайлы жағдай жасауға жауапты емеспін деп басын алып қашқан жауапты  халықаралық шарадан 280 миллион еуро пайда түсіреміз деген жоспарды ғана білетін болып шықты. Экспоны өткізуге мемлекет бөлген қаржыны жабуға ғана жететін қаржыны ұйымдастырушылар жетістікке балайтын болып шықты.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2051