Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 6350 0 пікір 24 Қыркүйек, 2014 сағат 12:55

ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДӘРІПТЕЙДІ

2014 жылдың 25 – 27 қыркүйегі аралығында Алматы қаласында, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланында қызмет атқарып жатқан мемлекеттік тіл мамандары мен аудармашыларының республикалық оқу-әдістемелік жиыны өтеді.

Оқу-әдістемелік жиын барысында «Мемлекеттік тілде сөйлеген әскердің рухы биік, айбыны асқақ!» тақырыбында дөңгелек үстел, орыстілді аудиторияға мемлекеттік тілді оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері, мемлекеттік тілді ҚАЗТЕСТ бағдарламасы бойынша оқытудың әдістемесі, аударма техникасы, ресми аударма үлгілері, аударма мәселелері тақырыптарында сабақтар ұйымдастырылып және Ұлттық ұланның әскери бөлімдеріндегі жергілікті ұлт өкілі емес әскери қызметшілер арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» байқау-сайысының шешуші ІІІ кезеңі өткізіледі.

Сіздерден Халықаралық қазақ тілі қоғамының президенті, филология ғылымдарының докторы, академик Өмірзақ Айтбайұлы, Алматы қаласының Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы Ахетов Мамай, «Нұр Отан» партиясы Алматы филиалы төрағасының орынбасары, филология ғылымдарының докторы Матыжанов Кенжехан Ісләмжанұлы, «Мемлекеттік тілге құрмет» қоғамының төрайымы Асылы Осман, ақын Даулетбек Байтұрсынұлы, Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі академиясының Кәсіби тілдер дайындығы кафедрасының меңгерушісі подполковник Дүйсенова Салтанат Сланқызы, Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі академиясының мемлекеттік тіл бөлімінің бастығы полковник Зікірев Бақытжан Әлішерұлы тағы басқа қоғамға белгілі азаматтар мен ғалым-ұстаздардың қатысуымен өтетін «Мемлекеттік тілде сөйлеген әскердің рухы биік, айбыны асқақ!» атты дөңгелек үстелді БАҚ беттерінде жарыққа шығаруға ат салысуларыңызды сұраймыз.

Өтетін орыны мен күні: «Нұр Отан» партиясының Алматы филиалы орналасқан ғимараттың мәжіліс залы (Абылайхан көшесі, 79-үй, Әйтеке би көшесінің қиылысы) 25 қыркүйек күні сағат 10.00-12.00

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5297