Жексенбі, 8 Маусым 2025
Жаңалықтар 4265 0 пікір 22 Қыркүйек, 2014 сағат 19:03

Ұйғыр Автономиялық Аймағында жарылыс болды

Алғашқы мағлұматтарға қарағанда 2 адам қаза тапты, көптеген адам жараланды.

Аймақтың оңтүстігіндегі Лунтай қаласында үш бөлек орында жарылыс болды. Алғашқы мағлұматтарға қарағанда 2 адам қаза тапты.
Оқиғада көптеген адам жараланды. Лауазымдылар қаза тапқандар санының артуы мүмкін екенін білдірді деп хабарлайды Түріктің TRT арнасы.
Шыңжаң Автономиялық әкімшілігінің интернет хабар порталы Тянь-Шань жарылысқа ненің себеп болғаны және толығымен неше адамның жараланғаны жайлы мағлұмат бермеді.
Ұйғыр Автономиялық Аймағында өткен жылғы оқиғаларда 200-ден астам адам қаза тапқан болатын.

Абай-ақпарат

0 пікір