Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5375 0 пікір 19 Қыркүйек, 2014 сағат 11:24

90 ЖЫЛДАРЫ КІРГЕН СЕКТАЛАРДЫҢ ҚҰРАЛЫ НЕ?

дарын3
Берік Сұлтанның  Дарын Мұбаровтан алған сұхбаты  oishogyr.kz сайтында  жарияланды. Бұл сұхбатында біраз нәрсе айтылыпты. Бір қызығы "ел құлағында" жүрген сұрақтарға ашық түрде жауап берген. Демек бұл қоғамның Дарын жайында "алып-қашпаларға" әбден еті үйреніп алғанын білдіреді. Мұның жауабын ашық түрде білдіруге уақыт жетті деген сөз. Дәл қазіргі уақытта сұхбат төңірегінде пікірлер екі айырылады. Дарын өзінің барынша ақ екенін, оның ешқандай кінәсі, қазаққа зияны жоқ айтып ақталған. Бәлкім, сценарий болуы мүмкін, бүгінге дейін теріс, күмәнді пікірде жүрген адамдардың Дарынның қолын қайта алып жатқандығы байқалады. Ал Берік бауырға көп рахметін айтқан. Ал Берік көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақтарды қойдым деп отыр. Екінші жағынан Дарынның жақсы жағын көрсетіп, жарнама жасап отырғандығын да біліп отыр өзі. Бір қарағанда барлығы дұрыс болуы мүмкін. Себебі сұқбатта "Аллаһ" сөзінің "Алла" деп берілуі түсінікті шығар. Егер дарын сондай таза болса, онда неге оның айтқанымен жүрген жігіттердің "тірлігі" түсініксіз??? 
Сол үшін дәл қазіргі уақытта Дарынмен ақида-сенім, бір мәзхаб ұстану, Алла Тағала жайындағы түсінік, "әулие әнбиелер қазақты бөлді" деген пікірдің қайдан шыққаны жайлы, сопылық, сақал-балақ, намаздың түрлі-түсті оқылуы, т.б. қазақты діни тұрғысынан бөлген сұрақтар төңірегінде сұқбат жүргізген абзал. Біле-білсеңіздер, дәл бүгінгі сұхбатты осыдан 5-6 жыл бұрын алу қиын еді). Рас айтамын. Жоғарыда айтып өткендей дәл қазір осы сұрақтар жайында сұқбаттасып пікір алмаспаса, 5-6, бәлкім 10 жылдан соң кеш болады. Түсініп отырған шығарсыз. Немесе Дарынның ақидасына күмән келтірген ҚМДБ өкілімен жоғарыдағы тақырыптарда "БАТЛ" жасасың. Октамдар да жасап жатыр ғой...

Берік бауырыма ерекше айтарым, "Тоқсаныншы жылдарың тоңы жібімей тұрған кезде еліміздің рухани ахуалы да қатты жүдеп кеткен еді." осындай пікір айтуды қояйықшы. Рас шығар. Бірақ осы бір "ой" қазір 90 жылдары кірген секталардың құралына айналған. Мағынасы өзгерген.

Бауыржан Кәрипов. 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377