ТЕҢГЕ, ҚАЙДА БАРАСЫҢ?
Е, дүние-ай! Төл теңгенің бетінен айбынды Абылайдың жүзін көріп, жүз теңгелікті кеудемізге қысқанымыз кеше ғана еді ғой.
Ол кездегі "жүздік" шынымен де мықты еді. Сол Абылайдың жүз теңгесінен айбар кеткені қашан! Жүзіңіз не, мыңдықтардың өзі мыж-мыж болып босағада қалатын сияқты ғой. Бүгін бір доллардың құны 300 теңгеге бір-ақ секірді! Енді қайда барып тоқтайтынын ешкім білмейді. Абылайдың ақылманы Бұхар бабам мұндайда әлгі Керейге айтқанын тағы қайталар ма еді...
...Көшің кетер бір жаққа,
Малың кетер бір жаққа,
Көш соңынан жете алмай,
Есің шығар сол шақта.
Жар басына қамалып,
Жарты лашық тігерсің,
Ауызыңнан ас кетер...
Арман Сқабылұлы
Facebook-тегі парақшасынан