Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3350 0 пікір 16 Қыркүйек, 2015 сағат 08:57

САУНА-ШОУ: КУЛАГИН АҚТАЛЫП ЖАТЫР

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин “Саунаға театр әртістерін шақырып, қойылымын халатпен тамашалағандарыңыз рас па?” деген 31 арнаның  сауалына жауап берді. Аймақ басшысы, үш бірдей саяси тұлғаны айыптаған Дәулет Қуанышпаев туралы да пікір білдірді, - деп хабарлайды Nur.kz.

 Естеріңізде болса, өткен аптада Дәулет Қуанышпаев деген азамат: “Зерендіге келіп демалған үш аймақ басшысы яғни, Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин, Қостанай облысының сол кездегі әкімі Нұралы Сәдуақасов және Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов саунаға театр артистерін шақыртып, қойылымын тамашалады” деп айыптаған болатын.

“Қырықтан асқан әпкемнің әкімдердің алдында моншада өнер көрсетіп, қорланғанына намыстандым” деген белсенді қолымда айғақтарым да бар деген еді. Саяси тұлғаларға қатысты бұл айыптау қоғамда үлкен дау туғызған болатын.

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин: “Ешқандай театр артистерін саунаға шақырған жоқпыз, бұл – жала” деп өзін айыптағандарға ренішін білдірді. Ал “үш әкімді моншада халатпен отырып, қойылым тамашалады” деп айыптап, ар-намысына тиген Дәулет Қуанышпаевты сотқа беруге уақытым жоқ. Ол азаматпен кездесіп, көзбе-көз тілдесуге әзірмін” деді.

“Мен не үшін шағым түсіремін. Мен онда болған жоқпын. Әлгі адаммен кездесіп, бәрін анықтауға дайынмын. Егер онда болмасам, не айтуға болады”, – дейді Сергей Кулагин.

Өзімді қаралағандармен соттаса берсем, жұмысты кім істейді деген Сергей Кулагин бос уақытымда ешқайда бармаймын, той-томалақтарда көңіл көтермеймін дейді. Аттап бассам, ақпарат құралдары әр сәтімді аңдып, жалпақ жұртқа жариялап жібереді деген саяси тұлға, театрдың өзіне өте сирек баратынын айтты…

“Өкінішке қарай, мен театрға өте сирек барамын. Мен туған күн, үйлену той дегендерге мүлде бармаймын. Мен ешқайда бармаймын. Өйткені, журналистер көреді де, бірден жариялап жібереді. Мен жұмыстан басқа ешқайда бармаймын”, – дейді Кулагин.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5510