Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 3880 0 пікір 16 Қыркүйек, 2015 сағат 02:00

САРАҒАШТАҒЫ КУРОРТТЫ АЙМАҚТЫҢ БОЛАШАҒЫ КЕМЕЛ

Облыс әкiмi Бейбiт Атамқұлов Сарыағашқа келген iссапарында осы аймақты елiмiздегi белдi курорттық орталыққа айналдыру үшiн сала мамандарымен жұмыла жұмыс атқару қажеттiгiн айтып, нақты тапсырмалар берген болатын. Осыған орай, Сарыағаштағы курорттық аймақты дамыту үшiн өңiр басшысының бастамасымен инвесторлар тарту мақсатында Германия Федеративтiк Республикасының төтенше және өкiлеттi елшiсi Гидо Херц қызметтiк iссапармен ауданға келдi. Көктерек елдi мекенiндегi гольф клубта өткен кездесуге облыс әкiмiнiң орынбасары С.Тұяқбаев пен аудан әкiмi Б.Парманов және туризм саласындағы кәсiпкерлер қатысты. Аудан басшысы көпұлтты аудандардың бiрi саналатын Сарыағаш ауданындағы түрлi ұлт өкiлдерi бүгiнгi таңда тату-тәттi өмiр сүрiп жатқандығын тiлге тиек еттi. Сондай-ақ, кездесу барысында достық, теңдiк және өзара құрмет қағидаттарына негiзделген қатынастар жайы айтылды. Бүгiнде аудан ынтымақтастықтың барша бағытында дамып келе жатқандығы кеңiнен сөз болды.

– Сарыағаш – облыста ерекше орны бар аудан. Табиғаты мен климаттық жайлылығымен және шипалы суымен ерекшеленедi. Тек Қазақстанға ғана емес, басқа да мемлекеттерге танылған курортты мекен. Бүгiн халықаралық деңгейде туристiк бағытта жұмыс бастағалы отырмыз. Ендi әйгiлi немiс компанияларын тартып, алдағы бес жыл iшiнде халықаралық деңгейдегi демалыс орындарын салу жоспарда бар, – дедi Сапарбек Тұяқбаев.

Аудандағы туризмдi дамыту, курорттық аймақтарға инвесторлар тарту мәселесi талқыланған жиын соңында аудан басшысы Бұхарбай Парманов қадiрлi қонаққа дәстүр бойынша шапан жапты. Содан соң қонақтар француз-итальяндық шарап өндiретiн зауытқа ат басын бұрды.

Алдағы кезде туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша нақты ұсыныстар жасалатын болады. Гидо Херц мырза қазақ халқының жылышырайлы ықыласына ризашылығын бiлдiрдi.

Гүлдана АЙХОДЖАЕВА

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502