Дүйсенбі, 28 Сәуір 2025
Жаңалықтар 4664 0 пікір 15 Қыркүйек, 2015 сағат 12:27

ЕРДОҒАННЫҢ СЕЛФИІ ЕЛДІ ДҮРЛІКТІРДІ

Түркия президенті Реджеп Ердоғанның Nokta журналында жарық көрген бір суреті күллі түрік қауымын дүр сілкіндірді, - деп хабарлайды "Алаш айнасы" басылымы Reuters сайтына сілтеме жасап.

Фотошоптың көмегімен құрастырылған рәсімде Түркия лидері күрд көтерілісшілері өлтірген түрік солдаты жерленгелі жатқан жерде күлімсіреп, өзіне селфи жасап тұр.

«Басылым осылайша елде болып жатқан қантөгістегі Ердоғанның ролін көрсетпекші болған», – деп жазады осы орайда Арменияның NEWS.am агенттігі.

Түркия билігі президенттің ар-ожданына тиіп, оны «террорлық насихатты уағыздаушы» етіп көрсеткен журналдың сыртқы мұқабасы интернетте жарияланғаннан кейін оның шығуына тыйым салды. Полиция содан соң табыт қалқасында қуанышты көңіл-күйде өзін өзі фотоға тартып жатқан мемлекет басшысының суреті жарияланған Nokta журналының редакциясына рейд жасап, тінту жүргізді.

Журнал басшылары өздерінің бұл қылықтарына Ердоғанның күрдтер өлтірген солдаттар отбасылары олардың ерлік істері үшін бақытты болулары керек, деген тұрғыда айтқан сөздеріне байланысты барғандарын түсіндірген.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2391
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5331
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4601