Сенбі, 23 Қараша 2024
Бәсе... 4461 0 пікір 15 Қыркүйек, 2015 сағат 09:25

ОҚУШЫНЫҢ ҰЙҚЫСЫ "ҰРЛАНБАЙТЫН" БОЛДЫ

 

Келесі айдан бастап, Астана қаласындағы мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақытының кестесіне өзгерту енгізіледі, - деп хабарлайды Zakon.kz "Астана LRT". ЖШС-нің төрағасы Талғат Арданға сілтеме жасап.
Талғат Арданның айтуынша, мұндай шешім арқылы Астана қаласындағы жол кептелісін азайтуға болады-мыс. Енді жұмысқа кімдердің ерте, кімдердің кеш келетіні анықталып жатыр екен.
Астана әкімі Әділбек Жақсыбековтің тапсырмасымен 14 қыркүйектен бастап Елордамыздың оқушыларының да сабақ кестесі өзгерген болатын. Оған қатысты біз "Шенеуніктер оқушылардың ұйқысын "ұрлай" бастады" ( http://abai.kz/post/view?id=4624) деген материал жариялағанбыз. Сол материалда: "Астанадағы кептелісті шешу сондайлық маңызды болса, Астананың әкім-қаралары, атқамінерлері, шенеуніктері жұмыстарын 7-40 кеткенде бастасын" деген едік. 
Әлеуметтік желілерде талқыланып, біздің портал үн қосқан осы мәселе ақыры оң шешімін тапты. Енді мектепте сабақ 08:00-ден бұрын басталса, директорлар жауапқа тартылатын болды. Қадағалау органдарының өкілдері осындай мәлімдеме жасап отыр.
Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков таяуда елордадағы 17 білім ошағының жетекшілері таңғы сабақты 07:40-та бастауды ұсынған еді. Бірақ бұл ұсыныс білім беру ұйымдарының бірыңғай талаптарына сай келмейтін болып шықты. Осыған байланысты прокурорлар жергілікті әкімдіктерге ортақ міндет мінсіз атқарылу қажеттігін ескертті. Талап орындалмаған жағдайда, мектеп директорларына айыппұл салынуы мүмкін.
Шолпан Көшенова, Астана қаласы прокурорының аға көмекшісі:
– ҚР Үкіметі бекіткен қаулыға сәйкес сабақтар 08:00-ден бұрын басталмауы керек. Егер бұл талап орындалмаса, лицензия жарамдылығы тоқтатылады. Оған қоса мектеп директорларына 40 мың теңгедей айыппұл салынады. Бұл әкімшілік құқықбұзушылық болып есептеледі.
Шәріпхан Қайсар
Abai.kz
0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5499