Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2737 0 пікір 20 Мамыр, 2010 сағат 15:54

2010-2011 жылдары банк секторының кірісі төмендейді – сарапшы

Алматы. 20 мамыр. ҚазТАГ - Игорь Киндоп. Қазақстан банктерінің кірісі алдағы екі жылда төмендеп, негізінен таза пайыздық кіріс есебінен қалыптасатын болады. Fitch Ratings агенттігінің қаржылық мекемелер жөніндегі сараптамалық тобының кіші директоры Максим Миллер осындай деген пікір білдірді.

«Қазақстандық банктердің (дефолтқа ұрынғандарынан басқасында - ҚазТАГ) резервтерін құратын кірісі көп жағдайда теңгенің девальвациясы мен міндеттерін мезгілінен бұрын қайтаруға байланысты бір реттік кіріспен көпіршітіп жіберілген. Ондай кірістер 2010-2011 жылдары қайталана қоймас. Демек резервтерді құру үшінгі кіріс те азаяды және 2009 жылмен салыстырғанда аз болады. Ол кірітің негізгі көзі қандай да бір реттік кірістер емес, таза пайыздық кіріс болады», - деді ол Fitch Ratings-тің Қазақстан бойынша жыл сайынғы IV-ші конференциясындағы өзінің баяндамасында.

Ол қазір несиелендіру көлемі 2004 жылдың соңындағы деңгейде тұрғанын атап өтті.

«Сірә ол, банкирлердің қазіргі экономикалық жағдайда жақсы қарыз алушылардың жоқтығы себепті, қандай да несиелік экспансияны жүргізгісі келмей отырғанына байланысты болуы керек. Оған қоса, ол несиелік портфельдердің айналымдылығына да байланысты екенінің маңыздылығы кем емес, себебі олардың басым бөлігі, өтелуі жоқтығын айтпағанда, пайыздық кірісі есептелмейтін, өтімділігі жоқ мезгілінен бұрынғы несиелермен байланысты», - дейді М. Миллер.

Оның айтуынша, банктер өзінің портфелдерінде дағдарыстан туындаған шығындарын жабу үшін, бизнесінің белгілі бір секторларынан алатын кірісті пайдаланады. 

Сондай-ақ ол, банктер проблемалық несиелерді мойындай бастағанда банктердің пайыздық маржаларының мөлшері 2% деңгейіне не одан азға ұмтылатынын атап өтті.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394