Дүйсенбі, 9 Маусым 2025
Жаңалықтар 3504 0 пікір 14 Қыркүйек, 2015 сағат 12:37

ТАҒЫ ДА ПРОТОН ҰШЫРЫЛАДЫ

Ресейлік “Экспресс-АМ8″ спутниктік байланысы орнатылған “Протон” ракетка тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағына орналастырылды, - деп хабарлайды nur.kz сайты.

Роскосмос агенттігінің хабарлауынша, “Протон” Астана уақыты бойынша дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні cағат 01.00-де ұшырылады.

Бұл былтыр мамыр айында құлаған “Протоннан” кейін Байқоңырдан үшырылатын екінші ракетка тасығыш болмақ.

“Протон” апатынан кейін Қазақстанда бірқатар белсенді “Антигептил” экологиялық тобына бірігіп, Астанада қарсылық шараларын ұйымдастырған.

Абай-ақпарат

0 пікір