Сенбі, 23 Қараша 2024
Арылу 5906 0 пікір 11 Қыркүйек, 2015 сағат 10:49

САУНА-ШОУ: ӘКІМДЕР АҚТАЛЫП ЖАТЫР

Үш әкім саунада қойылым көрген делінген ақпаратқа Ақмола облысының әкімдігі түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің өкілдерінің айтуынша, 2015 жылдың 8 қыркүйегінде ленталарда Дәулет Қуанышбаев есімді азаматтың өзін Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драмалық театрдың актрисасының "ағасымын" деп таныстырып, Зеренді ауданында құрамында 15 адам бар театр актерлерінің тобының Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдерінің алдында қойылым қойды деп мәлімдегені жайлы мәлімет тарады.   

"Кейбір интернет-басылымдардың мәліметі бойынша, осы айтылған оқиғалар биыл 29 тамызда Зеренді ауданында болды делінеді. Алайда 2015 жылдың 29 тамызында Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдерінің әрқайсысы өздері басшылық ететін өңірлерде қызметтік міндетін орындаған", - делінген таралған баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар, хабарламада Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдерінің бекітілген кестеге сәйкес 6 қыркүйекте Зеренді ауданының территориясына кіргені айтылады. "Барлық қонақ маңызды шараға келгендіктен ешқандай да көңіл көтеру бағдарламасы қарастырылмады. Сәйкесінше Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің қатысуымен, Дәулет Қуанышбаев айтқандай, ешқандай да қойылымның болуы мүмкін емес, себебі өңір басшысы бұл күні егістіктегі шараларға дайындық жұмысымен айналысып жатқан", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Үш өңірдің әкімдерінің биылғы 7 қыркүйекте Мемлекет басшысының төрағалығымен облыстың Зеренді ауданындағы бидай алқабында өткен жұмыс жиналысына қатысқаны хабарланып отыр. Әкімдіктегілер Президенттің қатысуымен болған бұл шараның 7 қыркүйектің күннің бірінші жартысында болғанына және теледидарлардан, сонымен қатар орталық баспа басылымдарында және интернет басылымдарында жария етілгеніне назар аударады.

Мұнымен бірге, Қазақ музыкалық-драма театрының директоры Марал Жақыпованың "саунадағы қойылым" туралы мәліметті жоққа шығарғаны және бұл мәліметті "жала жабу" деп мәлімдегені айтылады.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің өкілдері театр ұжымының Астанада 11-13 қыркүйек аралығында Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай өтетін шараға күн сайын дайындық жүргізіп жатқанын және ешқайда шықпағанын хабарлады. Театр өзінің ары мен намысын қорғауға ниетті, оның ұжымы толық құрамда Дәулет Қуанышбаевқа қатысты шара қолдануды сұрап, Ақмола облыстық Ішкі істер департаментіне арызданған. Әкімдіктегілердің айтуынша, Қуанышбаев "көпшілік алдында театр ұжымының абыройын төкті".  

"Қызметтік тексеріс кезінде Дәулет Қуанышбаевтың театрда жұмыс істейтін әпкесі (немесе сіңлісі) туралы мәлімет расталған жоқ. Материалдар тергеу шараларын жүргізу үшін құқық қорғау органдарына жолданды. Қуанышбаевтың интернетте Facebook желісіндегі жеке парақшасында мемлекеттік жоғары лауазымды тұлғаларына қатысты сыни жазбаларды жүйелі түрде жариялап отыратындығымен танылғанын атап өту керек", - деп хабарлады әкімдіктегілер. 

Tengrinews.kz

Түп-нұсқадағы тақырып: "Үш әкім саунада қойылым көрген" делінген ақпаратқа Ақмола облысының әкімдігі жауап берді


0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443